Регбиге ұқсайтын лело ойыны

Ойынға қатысушылар допты бәсекелесінен тартып алып, бірнеше метр болсын ілгері жылжу үшін білек күші мен айла-тәсіліне жүгінеді.

Лело жарысы жылда православ дінін ұстанушылардың Пасха мейрамы кезінде ұйымдастырылады. Ойын басталғанға дейін ауылдың барша тұрғыны жергілікті шіркеуге мерекелік мінәжатқа жиналады.

Келесі күні Шухутиге Тбилисиден осы жарысқа жылда теріден арнайы тігіп, әзірлеген допты әкеледі. Ауылға жеткізген соң доптың ішін құмға толтырады.

​Іші толған доптың салмағы 18 килограмм тартады. Жергілікті тұрғындар доптың ішін жаңқа мен құмға толтырып жатқан кезде поп ойыншыларға батасын береді.

Дайын болған допты шіркеуге апарады.

Сағат тура 5 болған кезде поп допты шіркеуден алып шығып, лоланың басталуын күтіп тұрған ойыншылардың ортасына лақтырады. Дода басталды!

Доп үшін алыс-жұлыста алған жарақатты ауырсынғандар ойын басталған соң бес минуттан кейін-ақ пайда болады. Олардың көбі қайтадан додаға кіруге ұмтылады.

Кейбірінің ойынды жалғастыруға шамасы келмей қалады.

Лелоны тамашалауға жергілікті тұрғындар ғана емес, өзге жақтан да - Грузияның барлық аймағынан, тіпті шетелден де жұрт келеді.

Ойын ауа райына қарамайды, мейлі, жауын жауып, суық түссе де матч тоқтамайды.

Екі жақтың әрқайсысынан ондаған ойыншы допқа таласып жатыр. Олар барлық әдіс-айла, білек күшін допты тартып алып, ауылдың екінші шетіне жеткізуге жұмсайды.

Бұл жолғы ойында әу бастан бәсекелесіне дес бермеген Жоғарғы Шухути ауылының командасы жеңіске жетті. Осылайша олар былтырғы ойында өздерін ұтқан командадан есе қайырды. 

Ойыншылардың бірі матча кезінде алаңда қайтыс болды. 48 жастағы Гоша Пирхалаишвилидің жүрегі қызу тартысты көтере алмады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, ойын аяқталған соң 18 килограмдық допты ауылда соңғы қайтыс болған адамның қабіріне «жерлейді». Биылғы дода аяқталғаннан кейін, жұрт келесі жылғы ойынды күтуге кіріседі.

Лело - грузин халқының дәстүрлі ойыны. Сырттай қарағанда регбиге ұқсайтын бұл ойынның шыққанына үш ғасырдан асқан дейді тарихшылар. Грузияның батысындағы Шухути деп аталатын шағын ауылда жыл сайын лело жарысы өтеді.