Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі суреттер

Қызмет қаруы мен арнайы құралдары бар полиция жасағы Ақтау қаласының орталық алаңында тұр. 18 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңаөзендегі қайғылы оқиға кезінде өртенген көшедегі суреті. 19 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзендегі оқиғадан кейін бірнеше күн өткенде бұрынғысының орнына жаңадан ілінген биллборд. Онда президент Назарбаевтың бейнесімен бірге ол басқаратын «Нұр Отан» партиясының сайлауалды үгіт материалы басылған. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жаңаөзенде журналистермен кездесуде "полиция қаруды заң негізінде қолданды" деп мәлімдеді. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Ішкі істер министрлігінің ерекше жасағы. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен көшесінде кездескен адамды полиция тексеріп жатыр. Маңғыстау облысы, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Шетпе кентіне кіреберіс жолда тұрған арнайы жасақ қызметкерлері. Маңғыстау облысы, 22 желтоқсан 2011 жыл.

Шетпе кентінде жүрген полиция қызметкерлері. Маңғыстау облысы, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде зардап шеккен адам Ақтау қаласындағы ауруханада тұр. 18 желтоқсан 2011 жыл.

Ақтаудың орталық алаңын күзетіп тұрған полиция. Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.

Ақтау қаласында жүрген әскерилер. Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.

Әкімшілік ғимаратын күзетіп тұрған қарулы әскерилер. Ақтау, Маңғыстау облысы, 21 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзенде тұрған арнайы жасақ өкілі. 17 желтоқсан 2011 жыл. 

Жаңаөзенде жүрген әскерилер. 17 желтоқсан 2011 жыл. 

Жаңаөзендегі полицейлер. 17 желтоқсан 2011 жыл.