Әлішер Саиповтың музей-үйі ашылды

Әлішер Саиповтың Оштағы музей-үйінің алдындағы журналистің фотосы мен ол жұмыс істеген ақпарат құралдарының атауы жазылған баннер.

Әлішер Саиповтың анасы Зайнабхан Саипова, інісі Шахрух Саипов және қызы Зулайка марқұм журналистің музей-үйін ашу рәсімінде тұр.

Туыстары журналист туып-өскен үйдің бір бөлмесін оның музейіне айналдырған. Онда Әлішер Саиповтың жұмысында пайдаланған жеке заттары, түрлі бұйымдар мен суреттері қойылған.

2007 жылы 24 қазанда Ош қаласындағы Масалиев көшесінде белгісіз біреулер "Саясат" тәуелсіз газетінің бас редакторы Әлішер Саиповқа оқ атқан. Әуелгі оқ аяғына тиіп жараланған 26 жастағы журналисті басынан атып өлтіріп кеткен. Марқұмның артында жұбайы мен екі айлық қызы қалған. Саиповты өлтіргендер әлі табылған жоқ.

Әлішер Саипов "Америка дауысы", Азат Еуропа/Азаттық, ВВС, Mashhad радиолары, Fergana.ru ақпараттық-талдау сайты үшін Ферғана алқабындағы адам құқықтары, әлеуметтік, саяси, діни және қауіпсіздік мәселелері жайлы хабарлар мен талдау материалдарын әзірлеген.

Әкесі қаза тапқан кезде екі айында жетім қалған Зулайканың жасы қазір онда.

Әлішер Саиповтың інісі Шахрух Саипов.

Әлішер Саипов жетекшілік еткен "Саясат" (Siyosat) газеті мен марқұм туралы кітап.

Белгісіз біреулер оқ атқан кезде журналист Әлішер Саиповтың үстінде болған киімдері де осы музейге қойылған.

25 жастағы Әлішер Саипов негізін қалаған "Саясат" (Siyosat) газеті апта сайын шығып тұрған. Басылым Қырғызстан мен Өзбекстанға тараған.

СӘріптестері мен құқық қорғаушылар Әлішер Саипов кәсіби қызметіне байланысты қастандықпен өлтірілді деп санайды. Қырғызстан құқық органдары қылмыстың ұшы көрші Өзбекстанға барып тірелетінін жоққа шығармайды. Ресми мәлімет бойынша, Әлішер Саиповтың қазасы туралы істі Қырғызстан ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бас басқармасының аймақаралық басқармасы тергеп жатыр.

Марқұмның анасы Зайнабхан Саипова, інісі Шахрух Саипов және қызы Зулайка журналист Әлішер Саиповтың музей-үйін ашу рәсімінде тұр.

Тәуелсіз журналист Әлішер Саиповтың Оштағы музей-үйінің ашылу рәсімінде тұрған БАҚ өкілдері.

АҚШ астанасы Вашингтондағы жаңалықтар музейінде қаза тапқан журналистерге қойылған мемориалдық ескерткіште Әлішер Саиповтың есімі де бар.