Армения тәуелсіздігінің 25 жылдығына әскери парад өткізді

Арменияның тәуелсіздігін жариялағанына 25 жыл толуына орай Ереванда әскери парад өтті. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Армения тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Еревандағы әскери парадқа Гюмриде орналасқан Ресейдің 102-әскери базасының сарбаздары да қатысты.

Гюмриде орналасқан ресейлік 102-әскери база әскерилері Армения тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ереванда өткізілген әскери парадта. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Армения әскерилері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ереванда өткізілген әскери парадта АҚШ, Германия, Италия, Польша және Грекия туларын көтеріп келеді.

Арменияның саяси билік басшылары мен әскери жетекшілері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ереванда өтіп жатқан әскери парадта тұр. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Арменияның саяси билік басшылығы мен әскери жетекшілері әскери парад кезінде.

Армения президенті Серж Саргсян ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ереванда өткізілген әскери парадта сөйлеп тұр. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Армения президенті Серж Саргсян және дін өкілдері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ереванда өткізілген әскери парадқа қатысушылармен амандасып тұр. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Армения тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ереванда өткізілген әскери парадқа қатысушы сарбаздар.

Арменияның тәуелсіздігін жариялағанына 25 жыл толуына орай Ереванда өткен әскери парадтан көрініс.

Армения ұлттық армиясының сарбаздары мен әскери техникасы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әскери парадта.

Еревандағы парадқа қатысқан әскери техника.

Армения тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әскери парад Еревандағы Республика алаңында өтті.

Ереванның Республика алаңындағы әскери парад. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Ереванның Республика алаңында өткен парадқа қатысқан әскери техника.

Армения тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әскери парад кезінде Ереванның Республика алаңы үстінен әскери ұшақтар ұшып өтті. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Армения тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әскери парадтан соң Еревандағы Республика алаңына қолдарына жалауша ұстаған балалар шықты. 21 қыркүйек 2016 жыл.