Сахара шөліндегі марафон

"Құмды марафон" (Marathon des Sables) әлемдегі ең қиын жаяу жарыс саналады. 9 сәуірде басталған биылғы марафонға мыңнан астам адам қатысып жатыр. Жарыс 16 сәуірде аяқталады. 

Марафонның жалпы қашықтығы - 250 шақырым. Марафоншылар бұл қашықтықты алты кезеңге бөліп жүгіреді. Қатысушыларға жол бойында сәл дамылдап, мызғып алуына рұқсат беріледі. 

Жарыс ұйымдастырушылар марафоншыларға күніне 12 литр су береді.  

Биылғы "Құмды марафонға" Қазақстаннан Зауырбек Аяған қатысып жатыр. Ол бірінші кезеңде 30 шақырымды 4 сағат 21 минутта жүгіріп өтіп, 380-орын алды. Зауырбек мәреге  жеңімпаздан екі сағат кешігіп келді. 

Әр қатысушының арқасындағы сөмкеде тамағы, компас, айна, дәрі-дәрмек, ысқырық және палатка бар. Сөмкенің салмағы 5 келіден кем 20 келіден артық болмауы керек. 

Марафонда әйелдер мен ерлер бірге жүгіреді. Бірақ нәтижелері бөлек есептеледі. 

Марафон жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беріледі. Сыйақы көлемі жыл сайын өзгеріп отырады. 

Марафонға қатысушылар Сахара шөлінде. 

Жарыстан кейін дәрігерге қаралып жатқан марафоншылар. 

Ондаған марафоншы жарысты орта жолдан аяқтайды.