Парламент Құрылтай, Халық кеңесі, президент туралы және басқа конституциялық заңдарды екінші оқылымда қабылдады

Қазақстан парламенті

20 мамыр күні Қазақстан парламенті "Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Президент туралы", "Қазақстанның Халық кеңесі туралы", "Қазақстанның астанасы туралы", "Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы" конституциялық заңдарды екінші оқылымда қабылдады.

Бұған қоса, тағы бірқатар конституциялық заңды (сайлау, республикалық референдум, үкімет, сот жүйесі, Конституциялық сот, адам құқықтары жөніндегі уәкім, прокуратура туралы және т.б.) Конституцияға сәйкестендіру жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Парламент қабылданған заң жобалары президентке қол қоюға жіберілді.

Қазақстанда биыл наурызда өткен республикалық референдумның ресми қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданған. Билік оны "басқарудың суперпрезиденттік моделінен ықпалды парламенті бар президенттік жүйеге көшуді жалғастыру" деп түсіндірген.

Жаңа негізгі заңда елде 1996 жылдан бері жұмыс істеп келген қос палаталы парламенттің орнына Құрылтай деп аталатын бір палаталы заң шығарушы орган құрылады деп жазылған.

Атқарушы билік жүйесінде вице-президент институты енгізілді. Бірақ вице-президент мемлекет басшысымен бірге сайланбайды, оны президенттің өзі тағайындайды деп белгіленді.

Бұған қоса, Қазақстан Халық кеңесі дейтін жаңа құрылым бұрынғы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай сияқты консультативтік органдардың орнын басады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Парламент "Қазақстан Халық кеңесі туралы" заң жобасын мақұлдадыПарламент президент туралы заңды талқылады: маңызды билік институттары Тоқаев бақылауында қалмақТамыз айында Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді Тоқаев жаңа Конституцияны бекітіп, күзге дейін парламент сайлауы өтетінін айттыОРК Конституция жобасы бойынша референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады