Павлодарда журналистің көлігінің дөңгелектерін тіліп, көлігіне бояу шашып кеткен

Көрнекі сурет.

2 қыркүйекке қараған түні әлдекімдер Hronika.kz журналисі Ольга Вороньконың дөңгелектерін тіліп, көлігіне бояу шашып кеткен. Бұл жөнінде басылымның өзіне сүйенген "Әділ сөз" баспасөз қорғау қоры жазды.

Воронько бұл оқиғаны өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады. Дегенмен қандай да бір нақты адамдардың оқиғаға қатысы жөнінде дәлел жоқ деп айтылады.

Журналист кейінгі кезде Павлодар облысындағы күштік құрылым басшыларының бірі, сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлердің бірі туралы жазған.

Бұған дейін Hronika.kz редакциясына қорғаныс министрлігінен ресми шағым түсіп, ведомство Павлодар облысы бойынша қорғаныс департаментінің бұрынғы басшысы Бекзат Оразов жайлы мақалаға өзгеріс енгізіп, ондағы ақпаратты терістеуді талап еткен.

"Ведомство әсіресе, әскери қызметкердің қызметтен босатылуына қатысты тұжырым мен «дуалау» туралы айтылған сөздерге шамданды. Бұған дейін Воронько Оразов пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Павлодар облысы бойынша департаменті арасындағы жанжал, одан кейінгі қылмыстық істер және оның қызметке қайта алынуы туралы егжей-тегжейлі жазған" деп жазды қор.

Мұндай оқиға елде құқық қорғаушылар мен заңгерлер сөз бостандығының аясы тарылып, журналистерге қысым күшейгенін айтқан тұста болып отыр.

"Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымы 4 қыркүйек күнгі мәлімдемесінде елде тәуелсіз ақпарат құралдары сиреп, сөз бостандығы тарылғанына алаңдаушылық білдіреді. Баспасөз қорғау қорының хабарламасында Вадим Борейконың "Гиперборей" арнасы уақыша жұмысын тоқтатып, "Orda.kz" сайтының жабылғаны, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің жабылғаны жайлы фейктер тарағаны айтылады.

"Әділ сөз" ұйымы құқықтық, экономикалық және цифрлық тәуекелдердің жиынтығы Қазақстандағы еркін журналистика кеңістігінің біртіндеп тарылтып жатқанына алаңдайды. Кез келген тәуелсіз медианың жойылуы немесе әлсіреуі – тек белгілі бір редакцияның ғана мәселесі емес. Бұл жұртшылықтың әртүрлі көзқарас пен қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін дереккөздердің азаюын білдіреді" деп жазды қор өкілдері мәлімдемеде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Вадим Борейко “Гиперборей” YouTube-арнасының жұмысын уақытша тоқтататынын мәлімдедіАтырауда журналист Олеся Вертинская үйқамаққа жіберілдіДуман Смақов: Парламент аппаратының шешімі — цензураға ұмтылысДуман Мұхаммедкәрімнің анасы Мелания Трамптан көмек сұрадыҚұқық қорғаушылар Құрылтайдың БАҚ-пен жұмыс тәртібі журналистер құқығын шектегенін айтты