«Бұл - күпірлік»

6 тамыз күні Ресей президенті Владимир Путиннің эмбаргоға қарамастан Ресей аумағына кіргізілген азық-түлікті жою туралы жарлығы күшіне енді. Бұған наразы тұрғындар "Азық-түлікті жою - күпірлік әрі масқара әрекет" деген пікірлерін плакатқа жазып, қарсылық акциясын өткізді. 

Ресей президентінің әлгі жарлығы шыққан алғашқы күні-ақ 319 тонна жеміс-жидек, көкөніс, ірімшік пен ет жойылған.  

Ресей билігі "санкцияға ілінген" тағамдарды жою жалғаса беретінін айтады.  

Шетелден келген азық-түлікті жоюға қарсы www.change.org сайтындағы петицияға жүздеген мың ресейлік қол қойған. Бұл тағамдар Мәскеудің Батыс санкцияларына жауап ретінде жариялаған эмбаргосына ілінген еді.  

Петицияға қол қойған азаматтар азық-түлікті жойғанша, оны мұқтаж адамдарға: ардагерлерге, зейнеткерлерге, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға таратуды ұсынады.  

Петербургтегі пикетке қатысқандар Нева бульварына шағын "дастархан" жайып, оған испан қызанақтарын, Украина алмаларын, Финляндия ірімшігін, Нидерланд гүлдерін қойды. 

Азық-түлікті жоюға қарсы пикетке шыққандар № 4 үйден (Бұл үйдің ауласында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарын еске түсіретін глобус орнатылған. Оған қоршауда қалған ақын Вороновтың орыс тіліндегі “Чтоб снова на земной планете / Не повторилось той зимы / Нам нужно, чтобы наши дети / Об этом помнили, как мы” деген өлеңі қашалып жазылған) № 14 үйге дейін тізіліп тұрды. Ол үйдің қабырғасында қоршау кезіндегі жантүршігерлік қиыншылықтарды ұмытпау туралы жазба ілініп, Ленинград (Петербургтің соғыс жылдарындағы атауы) тұрғындарының ерлігіне арналған ескерткіш тақта орнатылған.  

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында "санкцияға ілінген азық-түлікті" жою науқанына қарсы пикет өтті.