Қырымдағы "Аққу көлі"

Симферополь - Евпатория бағытындағы тас жолмен ары-бері өткен адамдардың қолынан жем алып дәндеген аққулар көліктерден жасқанбай жол шетіне дейін таяп барады.

Аққуларды жұрттың бәрі қызықтап, қолдан жем беріп үйреткен. Аққулардан қалғаны осы тұзды көлді мекендейтін өзге құстарға да тиіп қалады.

Кәдімгі нан аққу үшін дәмді ас.

Өткен қыста қатты аяз салдарынан бірнеше аққу өлді. Ол жолы құстарды құтқару операциясына Төтенше жағдайлар министрлігінің бригадасы мен еріктілер араласқан болатын.

Көлде аққуларға арнап күрке тұрғызылған.

"Аққумен тілдессең керемет рахаттанып қаласың", - дейді мына бойжеткен.

Бұл пікірге Ялта тұрғыны да қосылады.

- Ал сен маған не бересің?

Көлдің тас жолға қарсы бетіндегі топ аққу адамдарға жақындамайды. Топ бастаушысы әр құстың қимылын бағып, адамдарға жоламауын қадағалайды.

Көл жағасындағы көшпелі кофеханадан осы маңды мекендейтін құстарға арнайы жем сатып алуға болады.