Ирактағы наразылық және Ауғанстандағы жарылыс

Ирактың Басра қаласында жүздеген адам жұмыссыздық пен қымбатшылыққа қарсы наразылыққа шықты. 

Ауғанстанның Жалалабад қаласында 10 шілде күні тексеру және өткізу бекетіне жақын маңда жарылыс болып ондаған адам қаза тапты.

Ауғанстан астанасы Кабул маңындағы тексеру пунктінде тұрған полиция. 

Брест аймағында (Беларусь) жидек жинап жүрген жұмысшылар. 

9 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның инауграциясы өтті.

Санкт-Петербург қаласындағы Нева өзенінің жағасында ойнап жүрген бала.

Непалдағы қалың жауын. 

Цюрихтегі (Швейцария) жүзу жарысы.

Гераттағы кілем тоқу.

Англия футбол құрамасының фанаттары. Бұл елдің командасы Ресейдегі әлем чемпионатында жартылай финалда Хорватиядан жеңілді. 

Ирактағы ыстықтан тұтанған өртті өшіру сәті. 

Су алған Мумбай (Үндістан) көшелері.

Ресейдің Сібір аймағына жататын Чита қаласындағы тасқын. 

Ауғанстандағы ыстық жаз.

Қытайдағы ащы бұрыш жеу жарысы. 

Жапониядағы нөсерден 200 жуық адам қаза тапты. 

Дармсала (Үндістан) көшелерінде тәтті мақта саудасы.

Таиландта құтқарушылар үңгірде қалып қойған 13 адам - жергілікті футбол командасында ойнайтын 12 бала мен олардың 25 жастағы жаттықтырушысын жер бетіне шығарды. Үңгірден шыққан балалар ауруханада отыр. 

Мәскеудегі такси паркі.