Алматыдағы шоқыну мерекесі

Діндарлар шоқыну кезіндегі су тән мен жанды шынықтырады деп біледі.

Шіркеудегі құлшылықтан кейін шеру тартып өткен православтардың кейбірі суға түседі. 

Бұл күні судың емдік қасиеті болады, күнәні жуады деген сенім бар.

Діни рәсімді құтқарушылар мен дәрігерлер бақылап тұрды. Ол маңда жылынатын орын да жасалған.

Суға түсушілердің арасында кәрі де, жас та болды.

Православтардың нанымынша, бұл күні Иса пайғамбар Йордан өзенінде шоқынған.

Жұрттың суға түсуіне күннің суықтығы да бөгет болған жоқ.

Шоқыну мерекесі - христиан дінінің ең көне мейрамдарының бірі.