Беларусьтегі «Богач» тойы

Бұл жылы «Богач» мерекесі Вязынкадағы Янка Купала музейінде өтті. 

Халық мерекесі ежелгі наным-сенімдер заманынан басталған. Белорустар бұл күні бір-біріне «Будзь багаты, як восень!» («Күз сияқты бай бол!») деген тілек айтады.

Ұйымдастырушылар халық мерекесіне Совет Одағы кезінде тыйым салынғанын айтады. 

«Богач» тойы күн мен түннің күзде теңелген кезінде өтеді. 

Ежелгі замандарда астық орылып, қыстың қамы үшін жасалатын қалған шаруалар да аяқталған шақта түрлі ғұрыптар өткізілген. Мысалы, әр отбасы жаңа астықтан бір уыс дән әкеліп, ортақ себетке салған. Ол себетті «богач» деп атаған.

«Богачты» көтерген жұрт деревняны аралаған. Ауыл-үйді аралаған ел ән айтып, би билеген. Әлгі себетті бір үйге апарып тапсыратын болған. Ол әулет себетті бір жыл сақтауы керек.  

«Богач» халыққа береке әкеледі деген сенім болған. Әсіресе, оны апарып тапсырған үйге байлық қонады деп сенген.  

Мерекелік шеруге жұрт белорус халқының ұлттық киімдерін киіп шықты.  

Себетті апарып тапсырған үйде мерекелік дастархан жайылды.  

Тойдың кәделі асы - бал қосылған нан.

Вязынкадағы той дәстүрге сай өткерілді. Мерекеде қазіргі заманды білдіретін батуттар немесе бүгінгі заманның тағамдары болған жоқ. Олардың орнына жұрт ұлттық ойындар ойнап, дәстүрлі тағамдардан дәм татты.

Тойда дәстүрлі музыкалық топтар өнер көрсетті. 

Бұл күні ақын Янка Купаланың әдеби музейінде ежелгі мереке халыққа "қайта оралды".