Қазақстанның сайлау заңындағы даулы шектеу. Демократия сабақтары
Your browser doesn’t support HTML5
Биыл мамырда парламент мақұлдаған жаңа заң жобасы әлеуметтік желі қолданушыларының сайлау кезіндегі белсенділігіне қатысты жаңа ережелер енгізеді. Ресми органдар бұл өзгерістерді сайлау процесінің ашықтығын арттыру және сыртқы ақпараттық ықпалдан қорғану үшін қажет деп түсіндіреді. Десе де Орталық сайлау комиссиясы үгіт-насихат пен жеке пікірдің аражігін нақты қалай ажырататынын түсіндірмеді. Кезекті демократия сабақтары осы мәселеге арналады.