Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны басталды

Астанадағы парламент ғимараты

Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясының ресми шешіміне сәйкес, 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден бастап Құрылтай депутаттарының сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды.

Биыл 1 шілдеден күшіне енген жаңа Конституция бойынша, бір палаталы Құрылтайдағы 145 орынға елде ресми тіркелген 7 саяси партиядан ұсынылған жиынтығы 545 кандидат сайлауға түсіп жатыр.

Жаңа негізгі заңға сай, бұрынғыдай бірмандатты округ болмайды, Құрылтайға депутат тек партия тізімі бойынша сайланады. Сайлауға "Әділет", Respublica, Қазақстан халық партиясы, "Ауыл", "Ақ жол", "Байтақ" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) қатысып жатыр.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 21 тамыз сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

22 тамыз - "тыныштық күні" кез келген үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады.

Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс беру 23 тамызға белгіленген.

ОКС дерегінше, алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлауды бақылауға 12 шет мемлекет пен 5 халықаралық ұйымнан 86 байқаушыға аккредитация берілген.

Биылғы сайлауға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге жұмсалмақ. Оның ширек бөлігі бүкіл ел аумағындағы сайлау комиссияларының 71 мың мүшесіне жалақы ретінде төленеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Интригасы жоқ науқан. Конституциясы жаңарған Қазақстан Құрылтай сайлауына қалай келді?