Ресей Сумы қаласын әуеден бомбалап, оннан астам адам зардап шеккен

Ресей күштерінің әуе шабуылынан қирап-өртенген үйдің орны. Украина, Сумы, 4 тамыз, 2026 жыл

Ресей әскері 10 тамызға қараған түні Украинаның Сумы қаласына басқарылатын авиациялық бомбалармен шабуыл жасаған. Мұны Сумы облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Григоров мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаладағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына кемінде бес бомба түскен. Шабуыл салдарынан тұрғын үйлерге зақым келген.

"Мамандар аумақтарды тексеріп жатыр. Зардапты ауқымы нақтыланып жатыр", – деп жазды Григоров.

Кейінгі мәлімет бойынша, Сумыдағы шабуылдан 14 адам зардап шеккен. Құтқару және зардапты бағалау жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Дүйсенбіге қараған түні Ресей әскері Запорожье қаласына да шабуыл жасаған. Шабуылдан кейін гараж кооперативінде өрт шыққан. Жарылыс толқыны жақын маңдағы ғимаратқа зақым келтірген. Запорожье облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Иван Федоров зардап шеккендер жоқ деп хабарлады.

Полтава облысында Ресей әскері бірнеше нысанаға шабуыл жасаған деген хабар түсті. Облыстық әскери әкімшілік басшысы Виталий Дякивничтің айтуынша, Полтава ауданындағы шабуыл кезінде жанармай құю бекеттері, өндірістік кәсіпорын және жеке тұрғын үй зақымданған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Сонымен қатар 9 тамызда Одессаға жасалған жаппай шабуылдан зардап шеккендер саны 13 адамға жеткенін жергілікті билік хабарлады.

Украина билігінің мәліметінше, Сумы, Запорожье және Полтава облыстарындағы шабуылдар негізінен азаматтық және инфрақұрылымдық нысандарға зиян келтірген. Өңірлерде келтірілген залалды бағалау және шабуыл салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресей мен Украина бір-біріне әуе шабуылын жасады: екі жақтан да қаза тапқандар барКиев пен Киев облысында Ресейдің әуе шабуылынан кемінде 17 адам қаза тапқанРесейдің жаппай әуе шабуылынан Украинада кемінде сегіз кісі қаза таптыРумыния бір аптада үшінші ресейлік дронды атып түсіргенін айттыРесей Киевті баллистикалық зымырандармен атқылады