Ресейдің жаппай әуе шабуылынан Украинада кемінде сегіз кісі қаза тапты

Ресей әскери күштерінің Киевке әуе шабуылы. Украина, 30 шілде, 2026 жыл.

30 шілдеге қараған түні Ресейдің Украинаға зымыранмен және дронмен жасаған шабуылы салдарынан кемінде сегіз адам (екеуі – бала) қаза тауып, ондаған адам жараланған. Мұны Украина билігі хабарлады.

Кривой Рог маңындағы Радушное ауылында баллистикалық зымыран көпбалалы отбасы тұрған жеке үйге түсіп, алты адам, оның ішінде 5 және 12 жасар екі қыз көз жұмған. Тағы сегіз адам жараланған.

Киевте бір адам қаза тауып, екі адам жараланған. Полтава облысында дрон жеке кәсіпорын қоймасына тиіп, бір адамды мерт қылған. Львовта тұрғын үйлер зақымданып, 30-дан астам адам жараланған, арасында балалар да бар.

Украина әуе күштерінің мәліметінше, Ресей өткен түні 74 зымыран мен 280-ден астам дрон ұшырған. Ресей қорғаныс министрлігі нысанаға әскери аэродромдар, қорғаныс өнеркәсібі нысандары мен әскери логистика орталықтары алынды деп мәлімдеді.

Ресей бұл шабуылды Украина президенті Владимир Зеленскийдің Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандарды Украинада лицензиямен өндіруге рұқсат беруді сұрағаннан кейін жасады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Трамп пен Зеленский тағы кездесті, Ресейге шабуыл үдей түсті | Соғыс жаңалықтарыПутин соғысты жалғастыра беретінін меңзедіСоғысты "уақытша тоқтатқан дұрыс". Тоқаевтың Путинге айтқан сөзінің астарында не жатыр?Рубио мен Лавров Маниладағы АСЕАН саммиті аясында кездестіТрамп Украинаға Patriot зымыранын әзірлеуге рұқсат берді. Бұл соғыстағы жағдайды өзгерте ме?