Санкциялар тұсындағы азық

Försa майын Швеция туына ұқсатып қаптаған әрі өнім атауы да швед тілінде жазылған. Өндіруші атауы да швед компаниясын еске түсіреді. Алайда бұл өнім Новгород облысында шығады. 

"Кремлевское" аталған "патриотиоттық" тауар. Қаптама сыртында "сары майдың нәзік дәмі" деп жазылғанымен, бұл - маргарин тектес азық-түлік өнімі. Орамада Кремль суреті салынған. Тауар - Нижегород облысының өнімі.  
 

"Омичка", "ерітілген ірімшік десерті". Совет дәуірінде дәл осындай атаумен шыққан ерітілген ірімшік танымал болатын. Бұл өнім Омскіден шығады.
 

Бұл өнімдер де ("Российский" ірімшігінен басқасы) тұтынушыға совет заманынан таныс. Мұндағы өнім сипаттамасы ғана сәл басқаша жазылған. Совет дәуіріндегі "ерітілген ірімшіктер" қазір "ерітілген ірімшік қосылған өнім".
 

Импорт өнімнің "көшірмесі". Бұл "моцарелла" Новгород облысындағы Малая Вишера қаласында жасалады. Оның дәмін татқандар моцарелладан гөрі, сүзбеге ұқсайтынын айтады.  
 

"Испанские" шұжықтары. Дондағы Ростов қаласынан шығатын тауар. 

Valde ерітілген ірімшігі. Бұл өнімнің орамасы танымал Valio фин ірімшігінен айнымайды. Valio фирмасының бөлімшелері Петербург және Мәскеу маңында орналасқанымен, оған керекті қоспаларды әкелуге қазір тыйым салынған. Сондықтан, бұл күндері Ресейден Valio өнімдерін табу қиын. Дегенмен Valde-ні жей тұруға болады.

Тағы бір ерітілген ірімшік - Rokler. Тауарға "скандинавиялық тартымдылық" беру үшін орамаға кішкентай тәж салынған. Омскінің өнімі.

"Кормилица" асбұршағы. Краснодарлық тауар. Бұл өнім де совет кезеңіндегі танымал тауарға ұқсап-ақ тұр.  
 

Петербургтен шығатын Hansdorf майы. Орамасы "неміс мәнерімен" жасалған.  

Петербургтен шығатын тағы бір өнім. "Maasdam" ірімшігінің жергілікті "баламасы". Орамасында бұл тауардың "Еуропаның танымал ірімшіктерінің коллекциясына кіргені" жазылған. Дегустатор пікірі: "Тіл үйіріп тұрған жоқ, дегенмен жеуге болады".
 

Бұл өнімді шығарғандар сатып алушының патриоттық сезімін пайдаланбақ. Айтпақшы, "Крымская" арағы да бар. Екі тауар да Севастопольде өндіріледі.