Жоқшылық жайлаған 90-жылдар

"СССР көсемі" Леонид Брежневтің қызы Галина үйінде көңілді жиын өткізіп жатыр. Сурет 1990-жылдардың басында түсірілген. 

Глазово селосында түскен соңғы қар. 1990 жылдың мамыры. 

1991 жылғы Ресей. Бұл фотография ресейлік әлеуметтік желіде пайда болған кезде комментаторлардың бірі “Аю ғана жетпей тұр” деп жазды.

Ресей жастары күн астында демалып отыр. Фотограф Николай Бахарев жетім өсіп, слесарь болып жұмыс істеген, ол қолы бос кезінде жұртты суретке түсірген. Бүгінде 69 жастағы фотограф суреттерін Еуропадағы беделді галереяларға қойып жүр. 

Жастар Мәскеудің 850 жылдығын атап өтіп жатыр. 1997 жылғы бұқаралық серуен бір аптаға жалғасқан еді. 

Модель Мәскеудегі “Страстный бульварда” суретке түсіп тұр. 1991 жыл. 

Кремльден қарағандағы Патриарх Сарайы. 1995 жыл. 

Владимир қаласында жазасын өтеп жатқан сотталушы. 1990 жыл. 

Кремль сағатшысы Спасск мұнарасынан қарап тұр. 

Мәскеуде жауған қар. 1994 жыл. 

“Дуэт” – синхронды жүзушілердің суреті. 

Совет космонавтары Петр Климук (сол жақта) және Алексей Леонов. 1990-жылдардың басы. Климук - ғарышқа ұшқан алғашқы белорус, ал Леонов - 1965 жылы ашық ғарышқа шыққан алғашқы адам.
 

Мәскеудегі жол қозғалысын реттеуші инспектор. 1994 жыл. 

Екінші шешен соғысы кезіндегі Грозныйдағы қарт әйелдер. 1999 жыл. 

Екінші шешен соғысы кезінде қарсыласын атқылап жатқан Ресей әскері. 1999 жыл. 

Ресей әскерінің кадеттері. 1990-жылдардың аяғы.

Сбербанкке келген әйелдер. 1998 жыл. Бұл жыл Ресей азаматтары үшін ауыр жыл болды. Төрт айдың ішінде рубльдің долларға шаққандағы бағамы бес есеге жуық құлдырады. Суреттің авторы - совет фотографиясының классигі Виктор Ахломов. 

Жаңбырлы күз. Мәскеу, 1990 жыл. Фотография авторы - Игорь Стомахин.