Шымкенттегі «Жылу сыйла» акциясы

Тұрғындардан жиналған қаржыға сатып алынған 140 тонна көмір қапқа салынды. Әлеуметтік жағдайы төмен әр отбасына 2 тонна (40 қап) көмір таратылды. Шымкент, 31 қаңтар 2016 жыл.

«Шұғыла» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 70 отбасына әлеуметтік көмек ретінде таратуға қапталған көмір. Шымкент, 31 қаңтар, 2016 жыл.

Еріктілер қапталған көмірді әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға жеткізу үшін көлікке тиеп жатыр. Шымкент, 31 қаңтар 2016 жыл.

Ақжар шағын ауданында тұратын Манат Есенбекованың төрт баласы бар.

– Кенже қызым мүгедек болып туған соң күйеуім тастап кетті. Мүгедектігі үшін қызыма берілетін 45 мың теңге жәрдемақыға күнелтіп отырмыз. Бұл көмір бізге үлкен көмек, - дейді ол.

Манат Есенбекованың баспанасы. Ақжар шағын ауданы, Шымкент, 31 қаңтар 2016 жыл.

Манат Есенбекованың үлкен қызы үй шаруасына көмектесіп жүр.

Ерікті Ибрагим Қалиев: - Бүгінгі акция барысында мемлекеттен алатын болмашы жәрдемақыға қарап отырған мүгедек жандардың әлеуметтік жағдайы өте мүшкіл екенінің куәсі болдым.