Аргун шатқалындағы қарауыл мұнаралары

Қарауыл мұнараларының ішінде Ушкалой аталатын мына біреуі ерекше көзге түседі. Ол өзен жарқабағына, жартасқа жапсыра салынған.  

Одан ары көтерілгенде Итум-Кали аталатын аудан орталығына жетесіз.  

Итум-Кали тұсынан шекаралық аймақ басталады. Оған өту үшін ресейліктерге паспорт көрсетсе болғаны, ал шетелдіктер үшін арнайы рұқсат керек, ол екі ай ішінде беріледі. Ондай рұқсат алған адам өкінбейді. Өйткені, Грузия шекарасы маңында Шешенстанның ең атақты жері - "аруақтар қаласы" Цой-Педе орналасқан.

Шатқалмен мұнан ары жүруге болмайды. Бірақ Цой-Педеге баратын жол шекараның бергі бетіне Хевсуретия тұсында қайта өтеді. Бұл жолды шетелге Ресейді айналып өту үшін салған деседі. 

Грузиямен шекара іргесінде елсіз жатқан Анатори ауылы бар. Оның орнында жартылай бұзылған шіркеу мен қорымдар ғана қалған. Бұл жерге жеткен жұрт әлі күнге бабалар аруағына арнап тыйындар тастап кетеді. Тбилиси жағынан мұнда жолсызбен жетуге болады, есесіне арнайы рұқсат керек емес.  

Асуларда адам сүйектері ақсөңке болып шашылып жатыр.  

Шатили. Бір қарағаннан-ақ ерекше ауыл екені көрініп тұр. Тас мұнаралар тұтас қамалға айналған. Кез келген қоршауға төтеп беретіндей. Қамалды көргенде Брокгауз бен Ефрон сөздігіндегі "1843 жылы Шәмілдің ең батыр сардарларының бірі Ахверды-Магом Шатилиге шешендердің жасағын бастап келіп шабуылдаған" деген ақпаратқа сенесің. Ол хевсурлардан орысқа бағынбай, Шәмілге бағынуды талап еткен. Шатили тұрғындары жауға тойтарыс беріп, Ахверды-Магом мен оның 100-ге жуық сарбазын өлтірген. Өздерінен екі-ақ адам шығын болған. 

Шатилиде жазда көбінесе нөсер жаңбыр жауады. Ал қыста бұл жерге тек тікұшақпен келеді, өйткені асуды қар бітеп тастайды. Сондықтан, мұнда қазір бес-ақ отбасы тұрады. Қалған жұрт жазда ғана мал айдап келеді. 

Ауылдағы бірнеше қарауыл мұнарасын қонақүйге айналдырған. Электр қуатын тартып, бөлмелерге төсектер қойған. Бірақ осындай қонақ бөлмелердің бірінің қабырғасына жарықшақ түсіп, тағы бір жер сілкінген кезде құлайтындай қисайып қалған. Туристер мұнда көшелерді аралап, мұнаралар арасындағы жолдармен қыдырады. 

Петроглифтер. 

Қарсы беттегі көріністен кезінде Шатилидің екі жағынан да ор қазылып, су жіберілгенін байқауға болады.  

Қазір бұл қамалға кез келген қонақ соғыссыз кіреді.  

Грузия үкіметі Шатили іргесіндегі соған ұқсас мұнаралы қоныс - Муцоны жөндеп жатыр. Муцо мен Шатили үлкен туристік маршруттың бір бөлігі болмақ. 

Жергілікті жұрт реставрация жұмыстарымен Дағыстаннан келген шеберлердің де айналысқанын айтады. Бір өкініштісі - қайта жөндеу кезінде шеберлер цемент пайдаланады, ол мұнаралар мен қамалдарды қираудан сақтаса да, алғашқы қалпын өзгертіп жібереді. Ал көршілес Дағыстанда мұндай қоныстар қараусыз жатыр. 

Хевсур қоныстарында ерекше ғибадатханалар бар. Оларға хевсурлардың діни қызметкерлері ғана кіре алады. Хевсуретиядағы православ діні көне наным-сенімдермен араласып кеткен. 

Шатилиден шығатын жол тау өрлеп, Аюлы (Медвежий Крест) асуына кетеді. Аргун шатқалы мұнан ары тарыла береді. Аргун өзені басын тау қарынан алады. Асудың арғы жағынан Арагви өзені теріс ағады. 

Аргун шатқалы - Шешенстандағы табиғаты әсем жерлердің бірі.