Пальмира және ИМ тобы

Бұдан бір жыл бұрын ғана Пальмира мамыражай тіршілік кешіп жатқан қала еді. 2014 жылы наурызда түсірілген мына суретте ежелгі ғимараттардың қалдықтары жанынан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғындар бейнеленген.

Біздің дәуіріміздің 2-ғасырында салынған ежелгі рим театрының орны. Бұл жерде осы кезге дейін жылда Пальмира фестивалі өткізіліп келген.

Ливандық әнші Нажуа Карам 2010 жылы Пальмира фестивалінің ашылу рәсімінде ән шырқап тұр.

Рим кезеңіндегі тағы бір ғимараттың орны. Біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында қаланы Рим империясы бақылауына алған соң Пальмираның гүлденуі басталған.

Сириялық полиция қызметкері ежелгі Пальмирада жұрт табынған үш құдайдың бірі – Баал құдайдың қасиетті храмының орнында тұр. Бұл сурет 2014 жылы наурызда түсірілген.

Аңыз бойынша, Пальмираның негізі ежелгі еврей патшасы Сүлейменнің тұсында қаланған.

2008 жылы Пальмирадағы зиратты қазу жұмыстары кезінде табылған барельефте бір отбасы мүшелері – 13 ер және әйел бейнелері бар.

2008 жылы қазу жұмыстары кезінде табылған тағы бір барельефте пальмиралық көпестер, бала және түйе бейнеленген.

Пальмирадағы күн ұясына қонар алдындағы сәт. Қараша, 2010 жыл.