Трамп: АҚШ одақтастарының көбі Иранмен соғысқа араласқысы келмейді

АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың НАТО бойынша одақтастарының көбі Вашингтонға Американың Ирандағы әскери қимылына араласуға ықыласты емес екенін хабарлағанын айтты.

"[Иранға қарсы] әскери жетістіктеріміздің арқасында бізге НАТО елдерінің көмегі керек жоқ – ешқашан оған зәру де болған емеспіз! Бұл Жапония, Австралия мен Оңтүстік Кореяға да қатысты" деп жазды Трамп 17 наурызда әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Трамп одақтастарын Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуді сұраған. АҚШ пен Израиль Иранды атқылағаннан кейін Тегеран іс жүзінде Ормуз бұғазын "жапқан".

Financial Times басылымының тілшісімен әңгімеде Ақ үйдің өкілі егер одақтастар бұғаз арқылы өтетін кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеспесе, НАТО-ның болашағы "өте нашар" болуы мүмкін деген. Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың бестен бір бөлігі өтеді.

"Бұғаздан пайда табатындардың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесуі орынды болар еді. Егер жауап болмаса немесе көмектесуге ынта білдірмесе, менің ойымша, бұл НАТО-ның болашағы үшін өте жаман болмақ" деді АҚШ президенті,

Дональд Трамп Америка күштері "Иранның террористік режиміне қарсы әскери операция жүргізіп жатқанын" атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ормуздың ізінен Қызыл теңіз бұғатқа ұшырай ма? Ирандағы соғыс және Йемендегі хуситтер