Украина дрондары Ресейдегі мұнай өңдеу және мұнай-химия нысандарына шабуыл жасады

Украиналық дрон шабуылынан "Газпром нефтехим Салават" кешені аумағында өрт шыққан. Ресей, Башқұртстан, Салауат" қаласы, 14 маусым, 2026 жыл.

Украиналық дрондар Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Афип мұнай өңдеу зауытына, Башқұртстандағы "Газпром нефтехим Салават" кешеніне және алдын ала мәлімет бойынша, "Роснефть-Опт" мұнай базасына шабуыл жасаған.

Краснодар өлкесінің жедел штабы Афип мұнай өңдеу зауытында өрт шыққаны туралы телеграм-арналарының хабарын растады. Бірнеше елді мекенге дрон қалдықтары құлап, бір адам жараланған, тұрғын үйлер мен теміржол өткеліндегі ғимарат зақымдалған. Дрон шабуылы салдарынан жергілікті кәсіпорындардың бірінде өрт болған.

Украиналық Exilenova+ каналының мәліметінше, Ресейдегі ірі мұнай өңдейтін және мұнай-химия кешендерінің бірі – Башқұртстан аумағында орналасқан "Газпром нефтехим Салават" кәсіпорнында өрт шыққан.

Supernova+ деп аталатын украиналық тағы бір osint-каналдың дерегінше, мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы (ЭЛОУ-АВТ-6) мен тығыздығы жоғары полиэтилен шығаратын цех зақымданған болуы мүмкін. Astra каналы Салауатта "Роснефть-Опт" мұнай базасы шабуылға ұшыраған болуы ықтимал деп жазды.

Башқұртстан басшысы Салауат қаласының өнеркәсіп аймағына шабуыл жасалғанын растап, "атып түсірілген дрондардың сынықтарынан бірнеше жерде түтін шыққанын мәлімдеді.

Ал Supernova+ дерегінше, Керчь маңындағы энергокөпірде өрт шыққан және Азов теңізінде Ресейдің "тасадағы флоты" танкерлеріне тағы да шабуыл жасалған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Дрондар шайқасы, Ресейге қысым, «соғысқұмарлар коалициясы» | Соғыс жаңалықтары Үй шайқалып, қара түтін басты, видео жариялауға тыйым салынды. Омбыға шабуыл қалай болды? БАҚ: Украинаның дрон шабуылынан соң Ресейдің Саратов мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтаттыРесей дизель отынын елден шығаруға тыйым салды"Мәскеуге мың дрон ұшып барғанда ол түсінеді". Зеленский соғыс әуеге ауысты дейді