Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа барды

Капитолий — АҚШ Конгрессі ғимараты.

Украина президенті Владимир Зеленский 28 шілде күні таңертең АҚШ-қа барды. Ол Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ Капитолийде АҚШ сенаторлармен кездеседі деп жоспарланған. Зеленскиймен кездесуге Сенаттың 100 мүшесі түгел шақырылған деп жазды The Hill басылымы.

Зеленский осы сапарында 11 шілдеде бақилық болған сенатор Линдси Грэммен қоштасу рәсіміне де қатысады.

Зеленскийдің өзі әлеуметтік желіде бұл жолғы сапар бағдарламасында президент Трамппен, оның командасымен және "біздің қорғанысымызды қолдай алатын адамдармен кездесмін. Ең бірінші басымдық – баллистикалық зымырандарға қарсы қорғаныс және АҚШ-пен стратегиялық ынтымақтастық" деп жазды.

Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп пен Зеленскийдің кездесуі Вашингтон уақытымен сағат 16:30-ге жоспарлаған. Кездесуге баспасөз өкілдері қатыспайды, алайда әдеттегідей кездесу алдында тілшілер қос президентке сұрақ қойып қалуға тырысады.

Ақ үйдің мәліметінше, Зеленскиймен кездесуде негізгі назар Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөз мәселесіне қойылмақ. "Қазір соғысты аяқтайтын уақыт келді" деп мәлімдеген Ақ үй өкілі.

Зеленскиймен АҚШ Сенатындағы кездесу Вашингтон уақытымен сағат 18-ге жоспарланған. The Hill мәліметінше, Сенаттағы кездесуде Ресейге қарсы санкциялар туралы заң жобасы талқылануы мүмкін. Құжат авторларының бірі марқұм Линдси Грэм еді.

Кейінгі кезде АҚШ пен Украина өкілдері "әуе бітімі" жайлы ұсынысты талқылаған деп жазды БАҚ. Reuters дереккөздерінің мәліметінше, бұл бастама Ресейге жаңа бейбіт келіссөздер аясында ұсынылуы мүмкін. Ал Кремль мұндай жоспар туралы ештеңе білмейтінін мәлімдеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Зеленский Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнермен келіссөз өткіздіСоғысты "уақытша тоқтатқан дұрыс". Тоқаевтың Путинге айтқан сөзінің астарында не жатыр?Кремль Тоқаевтың ұсынысына жауап берді: соғысты уақытша тоқтату мүмкін емесТрамп Ресейге қарсы шабуылдар соғыстың аяқталуын тездетуі мүмкін деген пікірге келіседіЗеленский Трамппен әңгімеде Путинмен АҚШ-та кездесу мүмкіндігін талқылаған