Қираған қала - Дебальцево

Дебальцеводағы қираған үйдің ішінен қарағандағы көрініс.  

Мұндағы көптеген пәтерлер тоналған.  

Қираған үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйел.  

Раиса Казакова үйсіз қалған тоғыз қарияны өз үйіне паналатқан.  

Раиса Казакованың пәтерінде жарық жоқ.  

Раиса Казакова үйінде отыр.  

Раиса Казакованың үйінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар. 

Вера өзінің қираған үйін көрсетіп тұр.  

Артиллерия шабуылынан кейінгі көппәтерлі үй.  

Ерікті дәрігерлер алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп жатыр. 

Жергілікті тұрғындар қираған үйлерін өз күштерімен қалпына келтіріп жатыр. Оларға ешкім көмек бермейді. 

78 жастағы Екатерина Мороз жартылай қираған пәтерінде отыр.  

Еріктілер азық-түлік таратып жүр.  

Еріктілер әкелген азық-түлікке кезекке тұрған жұрт.