Северодонецк. Ресей қиратқан қаланың қазіргі тіршілігі

Ресейдің артиллерилық шабуылынан тығылған тұрғындар қазір көшеге шыға бастады. 

Қала тұрғыны қираған үйінің алдында жылап тұр. 

Танкіге қарсы МТ-12 "Рапира" қаруының қалдығы. 
 

Қала тұрғындары сыртта тамақ дайындап отыр. 

60 жастағы Ольга Рысанова жертөледегі асүйде тамақ дайындап жүр. 

"Азот" химиялық зауыты. Мұнда щайқас кезінде 800-дей тұрғын бас сауғалады.
 

Северодонецк қаласына барар жолда қираған бронтехника. 

Жергілікті тұрғындар еріктілер таратып жатқан азық-түлікке кезекте тұр. БҰҰ Северодонецктегі гуманитарлық жағдайды "өте аянышты" деген еді. 
 

Украина әскери барлауының басшысы Кирилл Буданов Reuters агенттігіне берген сұхбатында "Украина әскерінің Северодонецктен шығуы – тактикалық қадам" деді.

- Ресей Мариуполь тактикасын қолданды. Яғни, қаланы толық жойып жіберу тактикасы. Үйінділер мен ашық жерлерде қорғану мүмкін емес. Сондықтан украиналық әскерилер қорғану операцияларын жалғастыру үшін шегінді, - дейді ол.