Самарқандағы трамвай

Самарқанның трамвайын қайта жүргізу Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің сайлау науқанында берген уәдесі еді. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов осы Самарқан қаласында жерленген.

2016 жылы қазан айында Самарқанға келген сапарында Мирзияев трамвай жолдарын қайта төсеуді ұсынған. 

Мирзияев сапарынан алты ай өткенде Самарқанның трамвайы жүре бастады.  

Теміржол вокзалынан Сартепеге дейін баратын трамвай маршруты сәуірдің 15-і іске қосылды. Оны ашу салтанатына президент Шавкат Мирзияев қатысты.

Қала билігі трамвай жолдарын көбейтуге, төрт тармақ етіп, ұзындығын 35 километрге жеткізуге тырысатындарын айтады. 

Алғашқы тармақты іске қосу үшін төрт электр бекеті мен бір депо жасалған. 

Қазір бұл жолмен трамвайдың 20 вагоны жүреді.  

Өзбекстан Самарқанда еркін туристік аймақ құрғысы келеді.  

Самарқанда жоспар бойынша туристердің сауық орталығы салынбақ.  

Трамвай таңғы сағат 6-дан түнгі сағат 23-ке дейін, жеті минут сайын жүреді. 

Самарқан трамвайының маршрут картасы.  

Трамвай вагондарының моделі - Vario LF.S.

Мұндай вагондар Ташкентте жүрген еді, былтыр мамыр айында Өзбекстан астанасының жергілікті билігі трамвай жүйесінен бас тартқан. Билік трамвайды тоқтату себебін оларды пайдаланатын адамдардың азаюымен, жолдарды кеңейту қажеттігімен түсіндірген.  

Трамвай қозғалысы кестесі. 

Самарқан - Өзбекстандағы екінші ірі қала. Ресми есепке қарағанда, қалада бір жарым миллион адам тұрады.  

Трамвай қозғалысын қалпына келтірген билік бұл көлік түрі Самарқанға туристердің келуін көбейтеді, экологияны жақсартуға көмектеседі деп санайды. 

Самарқанда трамваймен жүретін адамдар көп болатын түрі бар. Алғашқы күнгі жолаушыларға қарап осылай ойлауға болады.