Ташкенттің қазақ ауылдары: Жамбай

1956 жылға дейін Қазақстанға қараған Бостандық ауданына жататын Жамбай ауылы Ташкенттен 80 шақырым қашықта тұр.

Негізінен мал шаруашылығымен күн көрген ауыл тұрғындары соңғы жылдары диқаншылыққа бет бұрған.

Жамбайдан аудан орталығы Ғазалкентке автобус пен жүрдек пойыз қатынайды. Суретте - ауылдың автобус аялдамасы.

Суретке түскен Жамбай ауылының тұрғындары аты-жөндерін жарияламауды өтінді. Жергілікті этникалық қазақтың бірі ардагер атасының суретін көрсетіп тұр. Бөлменің төбесі өзбекше қапталып, зерленгені байқалады.

Дәстүрлі тандыр нан пісіру технологиясы мен заманауи байланыс құралын біріктірген қазақ әйел.

Кілем үстінде қазақша жиналған көрпе қасында, жер үстел басында отырған бала.

Жамбайлық қазақ әйел көршісінен сүт алып қайтып барады.

Мектептен қайтқан қазақ балалар.

Жамбайдағы бір үйдің сыртқы көрінісі. Жергілікті тұрғындар Бостандық ауданында демалыс аймақтары көп болғандықтан ауылдарда жарық пен газ үзілмейтінін айтады.

Жамбайлық ерлі-зайыпты қазақтар.

Ауылдағы көп балалы отбасылардың бірі. Үлкендердің ақ-қара суреті ілінген төргі қабырғадан заманауи жұқа телевизорға да орын тиген.

Жамбайдағы үйлерде көзге оттай басылатын ең қазақы бұйым - бесік.