Сидоркин суреттері көрмесі

Евгений Сидоркиннің жеке көрмесінің ашылуына шамамен 80 адам қатысты.

Евгений Матвеевич Сидоркин графика мәнеріндегі сурет шебері ретінде танымал. Ол Қазан, Рига және Ленинград қалаларында білім алған. 1957 жылдан бастап Алматыда тұрған.

Көрменің ашылуына есімдері жұртқа әйгілі ата-анасы Евгений Сидоркин мен Гүлфайрус Исмаилованың жолын қуған ұлдары – суретші Вадим Сидоркин да қатысты. Ол Азаттық тілшісіне өткен ғасырдың 60-70-жылдары Коммунистік партия орталық комитетінің идеология бөлімі тарапынан «формализм» үшін сынға ұшыраған әкесіне үнемі қысым жасалғанын айтып берді. 

Көрмеге келген адам Михаил Салтыков-Шедриннің «Бір қаланың тарихы» романына суретші салған иллюстрацияны қарап тұр. Суретшінің ұлы Вадим Сидоркиннің Азаттық тілшісіне айтуынша, бұл иллюстрациялық серия 1975 жылы жеке кітап болып шыққан. Бірақ, идеологтар Сидоркиннің жұмыстары советтік құрылысты сынайды деп тауып, кітаптың бүкіл тиражы тәркіленген. Мәселен, суретші жұмыстарының біріндегі Ресейде император бірінші Николайдың тұсындағы Аракчеев қазармалары советтік үйлер пішінінде салынған. Ал романдағы кейіпкер әйел Домашка советтік «Экстра» арағын ішіп отырған кейіпте бейнеленген.

Евгений Сидоркиннің жеке көрмесі Қастеев атындағы өнер мұражайының «Шығыс» залында өтіп жатыр.

Көрмеге келушілер «Мұхтар Әуезов және оның шығармаларының кейікерлері» портреті алдында тұр. «Абай жолы» романы екі рет Евгений Сидоркиннің иллюстрацияларымен шыққан.

Жақында әйгілі романның орыс тіліне жаңа аудармасы дайындалған кезде, жазушының ұлы Мұрат Әуезов оның иллюстрацияларын да жаңарту қажет деген ұйғарымға келген. Байқау жарияланып, оған ұсынылған суреттермен таныса келе, олардың ешқайсысы Евгений Сидоркиннен артық сала алмағаны айтылып, жаңа басылымға да суретшінің иллюстрациялары енгізілді.

Көрмеге келушілерге Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы ұсынылды. Бұл шығарма да Евгений Сидоркиннің иллюстрацияларымен шыққан.

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков студент болған жылдары көркемсурет туындыларын, әсіресе Евгений Сидоркин сияқты үлкен шеберлердің еңбектерін тек суретшілер одағы арқылы ғана сатып алуға болатын. Ол Сидоркинмен осылайша танысқан. Факультетте суретшінің дәрісін тыңдағаннан кейін ол Евгений Сидоркиннің суретші ғана емес, соған қоса жаратылысынан педогог жан екеніне көз жеткізгенін айтады.

Көрмеге келушілер суретшінің «Калкадағы шайқас» триптихына енген суреттерді қарап тұр. Бұл Евгений Сидоркиннің соңғы шығармаларының бірі болғандықтан, көпшілікке аса мәлім емес. Музейде триптихтің тек екі бөлімі ғана сақтаулы.

Көрмеге келгендер Евгений Сидоркиннің «Қазақ эпосы» кітабына салған иллюстрацияларын қарап тұр.

Евгений Сидоркин көзі тірісінде бірнеше рет шетелде өткен көрмелерге қатысқан. Олардан алған медальдары мен дипломдары да осы көрмеге қойылған.