"Дауыл алдындағы тыныштық". Коронавирус әбігері басталар сәтте объективке ілінген суреттер

Қытай, 1 қаңтар: Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде селфиге түскен қыздар. Сол күні Пекиннен шамамен 1100 шақырым жерде орналасқан Уханьдағы теңіз өнімдерін сататын базар бірнеше тұтынушыдан белгісіз вирус табылғаннан кейін жабылды. Содан бері Қытайда коронавирустан 3,270 адам көз жұмды. 

 

Ресей, 19 қаңтар: Православ өкілдері Құдайға шоқыну мерекесінде Омбыда суға шомылып жатыр. Ертесінде Ресейдегі екі Қытай азаматынан коронавирус табылды. Мұнда ресми дерек бойынша, бір адам коронавирустан көз жұмған. 
 

АҚШ, 20 қаңтар: Жыртқыш құсты бейнелеген киім киген ер адам Ричмондтағы (Вирджиния штаты) қару ұстау құқығын қолдауға арналған митингіге қатысып тұр. Сол күні Қытайдан оралған 35 жастағы ер адамнан коронавирус табылды. Содан бері АҚШ-та 504 адам көз жұмды (23 наурыз күнгі дерек). 

 

Италия, 28 қаңтар: "Ақ аюлар" тобының жүзгіштері Туриндегі өзенде мұзды суға түсіп, шомылып жатыр. Үш күннен кейін Римде екі қытайлық туристен коронавирус табылды. 23 наурыз күнгі дерек бойынша Италияда қауіпті вирустан 6 мыңнан астам адам көз жұмған. 

Иран, 14 ақпан: "Валентин күні" шар ұстап ұстап тұрған әйел. 19 ақпанда Иран коронавирустан екі адам көз жұмғанын хабарлады. Оның алдында билік суреттегі әйел коронавирустан көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарып келген. Соңғы дерек бойынша, коронавирус 1812  адамның өліміне себепші болған.

 

Пәкістан, 22 ақпан: Талибан мен АҚШ әскері арасында жасалған келісімге қуанып, адамдарға тәтті үлестіріп жүрген ер адам. Төрт күннен кейін Пәкістанда алғаш рет төрт адамнан коронавирус табылды. 23 наурыз күнгі дерек бойынша, мұнда алты адам қайтыс болған. 
 

Беларусь, 28 ақпан: Минскідегі Масленица мерекесінде билеп жүрген адамдар. Сол күні Беларусьте оқып жүрген ирандық студенттен коронавирус табылды. 
 

Сербия, 1 наурыз: Белград маңындағы ауылдардың бірінде дәстүрлі карнавал кезінде оттан секірген жас жігіт. Бес күннен кейін Сербия Будапештен келген бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. 23 наурыз күнгі дерек бойынша, мұнда екі адам вирустан көз жұмған. 
 

Албания, 2 наурыз: Тиранадағы саяси митинг. 8 наурызда Албанияда Италиядан оралған бір ер адам мен оның әкесінен вирус табылды. Соңғы дерек бойынша, мұнда төрт адам вирустан көз жұмған. 

 

Румыния, 1 наурыз: Бухарестегі гандбол матчын көріп жатқан жанкүйерлер. 26 ақпанда италиялық әріптесімен бірге аңшылыққа барып келген румын тұрғынынан коронавирус табылды. Содан бері Румынияда бес адам вирустан қайтыс болды. 

 

Украина, 4 наурыз: Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері 97 жастағы ер адамның құрметіне арналған әскери парад. Украина Италия мен Румыниядан келген адамдардан коронавирус табылғанын хабарлады. Мұнда үш адам вирустан көз жұмған.

 

Қырғызстан, 15 наурыз: Тұрғындар саны жағынан Қырғызстандағы төртінші ірі қала - Караколдағы дүкенде кезекке тұрған адамдар. 18 наурызда Қырғызстанда вирус жұққан алғашқы адам анықталды.