World Press Photo таңдаған жылдың үздік суреттері

Бас жүлде Түркияда 2016 жылы желтоқсанда Ресей елшісі Андрей Карловты атып өлтіру оқиғасын суретке тартқан Associated Press агенттігінің фотографы Бурхан Озбиличиге берілді. Озбиличи Анкарада өткен сол күнгі көрмеге қатардағы шараның бірін суретке түсіру үшін барған.  

"Табиғат" суреттері категориясының жүлдесін Франсис Перестің Тенерифте тартқан ауға түскен сирек тасбақаның фотографиясы алды.  

"Жаңалықтар" категориясы жүлдесін Дэниэл Берехулак түсірген Филиппинде белгісіз адамдар өлтірген Ромео Джоель Торрес Фонтанидің мәйіті фотографиясы алды.  

"Өмір тарихы" аталымындағы жүлде Томас Мунит түсірген Куба Гаванасындағы шаштараз суретіне берілді. Фотография Фидель Кастроның қазасынан бірнеше күннен кейін түсірілген.  

"Ұзақмерзімді жобалар" категориясының жеңімпазы Валерий Мельников түсірген Донбастағы Луганская станицасы тұрғындарының бомбалаудан кейін ес жиып жатқан сәтінің суреті болды.  

"Өмір" категориясы бойынша жеңімпаз болып Пола Бронштейннің Кабулдағы террорлық шабуыл кезінде жараланған сіңілісіне қарап отырған ауған әйелі Наджибаның суреті танылды. Сурет Микеланджелоның "Иисусты жоқтау" атты танымал картинасына ұқсатып түсірілген.  

"Жаңалықтар" категориясының үшінші орыны Мэтью Уиллокс түсірген Жерорта теңізінде ағаш қайықпен жүзіп бара жатқан Эритрея босқындарының суретіне берілді. Суретті түсіргенде қайықта 540 адам болған.  

"Жаңалықтар" категориясындағы екінші орынды Сергей Пономарев түсірген Ирактағы Мосул қаласының "Ислам мемлекеті" содырларынан қашып бара жатқан босқындарының суреті алды. 

"Ұзақмерзімді жоба" категориясының екінші жүлдесі Хуссейн Фатеми түсірген тату салатын ирандық Сиаваштың темекі тартып отырған суретіне берілді. Исламда адамның денесіне сурет салуға тыйым салынады.  

"Адамдар" категориясындағы бірінші жүлде Майкл Винс Ким түсірген Кубадағы кореялық мигранттар Ольга мен Аделина Лим-Хидің фотографиясына берілді.  

"Табиғат" аталымы бойынша екінші орын Эми Виталь түсірген панданың суретіне берілді.  

"Табиғат" категориясындағы үшінші орын Хайме Рохо түсірген көбелектер суретіне берілді.  

"Адамдар" категориясындағы екінші жүлде Антонио Джиботта түсірген Испанияның Аликанте қаласындағы жыл сайынғы мерекеде ұнмен атысқан адамдардың суретіне берілді.  

"Жаңалықтар" категориясының үшінші жүлдесі президенті есірткіге қарсы соғыс жариялаған Филиппиндегі адамдар толған түрменің суретіне берілді. Сурет авторы - Ноэль Селис.

"Табиғаттағы оқиғалар" категориясы бойынша бірінші орынды Брент Стиртонның "Африка аңдарына көмек" атты мүйізтұмсықтарды қорғайтын коммерциялық емес ұйымының мүшесін түсірген фотографиясы алды. 

"Табиғат" категориясының үшінші орынын Бэнс Мэйт түсірген буйволдар суреті алды. Фотография таймер арқылы қашықтан түсірілген.  

"Қазіргі заман проблемалары" категориясында екінші орын Лало де Альмейда түсірген Зика вирусы кесірінен микроцифаллия дертіне шалдыққан баласын шомылдырып тұрған бразилиялық әйелдің суретіне берілді.  

"Қазіргі заман проблемалары" категориясы бойынша екінші орын өзен кешіп өтіп бара жатқан Македония босқындарының Вадим Гирда түсірген суретіне берілді. 

"Қазіргі заман проблемалары" категориясы бойынша үшінші орынды Копакобанда қараусыз қалған ғимараттағы кезбелер паналайтын бөлменің суреті алды. Фото авторы – Питер Бауза.

"Жаңалықтар" категориясы бойынша Ирактың солтүстік өңіріндегі Хаммам-эль-Алил қаласында орналасқан бейіттен түсірілген суретке екінші орын берілді. Фото авторы – Сергей Пономарев.