Дзюдошы Бекарыс Садуақастың жеңісі

Дзюдодан ұлдар арасында 100 келіде Бекарыс Садуақас финалда грузиялық Илья Суламанидзені жеңді. Бекарыс финалға дейін ирандық Аболфази Бахтиариден, жартылай финалда венгриялық Зомбор Вегтен басым түскен.

Бекарыс Садуақастың финалда грузиялық Илья Суламанидзені жеңген сәті.

Бекарыс Садуақас жасөспірімдер олимпиадасының тұғырында. Ол 2017 жылы Бішкекте өткен кадеттер арасындағы (18 жасқа дейінгі спортшылар) Азия чемпионатында да жеңіске жеткен. 

Бекарыс Садуақас қазір Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы рейтингінде 90 келі бойынша 1-орында тұр. 

Бекарыстың жүлдесі - Қазақстанның жасөспірімдер олимпиадасында қол жеткізген алғашқы алтыны. 

Дзюдодан қыздар арасында 78 келіде Маргарита Гриценко финалда Германия спортшысы Раффаэла Иглден жеңіліп, күміс алды. 

Гриценко ширек финалда эквадорлық Эдит Ортизді, жартылай финалда чехиялық Эстер Свободованы жеңді.

Гриценко (сары формада) жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде тұр.