Шекарадағы қоршау

АҚШ билігі 1994 жылы заңсыз иммиграцияға тоқтау салу мақсатында Мексикамен шекарасына дуал орнатқан.

Израиль салған бұл дуал елді Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналық қоныстардан бөліп тұр. Темір мен бетоннан құрастырылған дуалдың кей тұсына тікенек сым тартылып, қимылды сезгіш құралдар орнатылған.

155 километрлік Берлин дуалы 1961 жылы ГДР (СССР-дің ықпалында болған) мен ФРГ (АҚШ, Ұлыбритании мен Франция ықпалында болған) арасы ушыққан соң салынған. 

Испанияның Мелилья анклавындағы бұл тор Мароккодан өтетін мигранттардың жолын бөгеуге арналған. Ұзындығы 10 километрлік қоршаудың кей тұсына электр тогы жүргізілген.

Сауд Арабиясы Иракпен шекарасындағы бұл қоршауды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымынан қорғану үшін салған. Бұл ел 2013 жылы Йеменмен шекарасына да осындай дуал орнатқан еді.

Оңтүстік Африка Республикасы тұрмысы нашар көршісі Зимбабвенің азаматтары өтпеу үшін шекараға осындай тор тартып тастаған.

Словакияның шығысындағы Острованы қаласындағы мына қоршау сығандардың қонысын басқалардан оқшаулап тұр.

Ауғанстанмен шекарасына дуал салған Пәкістан "бұл содырлар мен есірткінің жолын бөгейді" деп біледі.

Пәкістан Үндістанмен шекарасының кей тұсына да қоршау салған. Екі елдің демаркациялық сызығы Джамму мен Кашмир штаты аумағынан өтеді. Заң жүзінде мойындалмаған шекараға белгі қойылған.

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның арасындағы демилитаризацияланған аумақтағы бұл қоршау 1970 жылдары салынған. Ұзындығы 240 километрлік қоршаудың кей тұсына электр тогы жүргізілген.