Зеленский Трамптың мәлімдемесіне реакция білдірді

Украина басшысы Владимир Зеленский ақпарат құралдарына сұхбат беріп отыр. Қазан айы, 2026 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский егер Ресей Украина энергетикасына соққы жасауын доғарса, Украина Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққыны тоқтатады деп мәлімдеді.

“Шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған кез келген қадам өзара әрі нақты кепілдіктермен бекітілуі керек” деді АҚШ президентінің бірқатар мәлімдемесіне түсініктеме берген Украина басшысы Владимир Зеленский.

АҚШ басшысы Дональд Трамп Украинаны Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасап, халықаралық нарықтағы дизель отыны тапшылығын ушықтырды деп айыптаған. Бұған қоса, 9 қазанда Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон әңгімесіне түсініктеме бере отырып, соғысты аяқтауға Кремльдің ынталы болып отырғанын, мұндай талпыныс Украина президентінің кеңсесінен байқалмағанын айтқан. Трамп Украинаға “жаңа президент керек” деп санайтынын жеткізген.

10 қазанда Трамп пен Путин ресейлік дизель отынын халықаралық нарыққа жеткізуге келіскен. Украина мұны “Ресейге сыйлық” деп атаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Трамп Украинаға "жаңа президент керек" деді. Зеленский оны Ресеймен келісімі үшін сынаған