Ташкенттегі зілзала

1966 жылы 26 сәуірдегі жер сілкінісінен қаза тапқан адамдарға қойылған ескерткіш.  

Ташкенттегі қираған үйдің бірі.  

Тағы бір бүлінген үй.

Шахризаб көшесіндегі үйлер.  

Әскери қызметкерлер қираған үйлерді бұзып жатыр.  

Винница құрылысшылары Ташкентке көмекке аттанған сәт.  

Сол жылы қайталанған жер сікінісінен кейін Ташкенттегі Дзержинский көшесін тазалау жұмыстары.  

Баспанасынан айырылған адамдарға арнап тұрғызылған жаңа үйлер.  

1966 жылғы жер сілкінісінен кейін салынған Ташкенттегі жаңа ықшам аудан.  

50 жыл бұрын, 26 сәуір 1966 жылы таңғы сағат 5:23-те Ташкентте жойқын жер сілкінісі болды. Қала орталығында тербелістер күші 8–9 балға жетті. Ең қатты сілкінген жердің аумағы 10 шаршы километрдей болды. 300 мың адам баспанасынан айырылды.