Жаңа Конституция бойынша референдумге дауыс беру орны ашылатын елдер саны қысқарды

Қазақстанның Орталық референдум комиссиясы (ОРК) жаңа Конституция жобасы бойынша 15 наурызда өтетін референдумге сырттағы қазақстандықтар үшін дауыс беру орындары ұйымдастырылатын елдер саны азайғанын хабарлады. Мұндай ақпаратты қазақстандық басылымдар таратты.

Комиссия дерегінше, референдумге дауыс беру ұйымдастырылатын мемлекеттер тізіміндегі 64 елдің екеуі – Украина мен Эфиопия тізімнен алынып тасталды.

Кейбір басылымдар Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаевтың сөзін келтірген. Оның айтуынша, Украинадағы Қазақстан азаматтарының саны қазіргі кезде бұрынғыдан айтарлықтай қысқарған. Бұған дейін консулдық есепте шамамен 500 адам тұрған болса, қазір олардың басым бөлігі Украинадан кетіп, Қазақстанға оралған. Ал Эфиопияда небәрі бес Қазақстан азаматы тіркелген, бәрі – елшілік қызметкерлері.

Тізімде бекітілген 62 елде Конституция жобасы бойынша референдумге дауыс беруге арналған жиынтығы 80 учаске ашылады.

Жаңа Конституция жобасын талқылау үшін құрылған арнайы комиссия 24 қаңтардағы алғашқы отырысынан бері барлығы 12 жиын өткізіп, 11 ақпанда қорытынды жобаны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынған. Сол күні президент қол қойған жарлыққа сәйкес, ертесіне көпшілікке жарияланған Конституция жобасы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумға шығарылады.

Елде тіркелген сайлаушылардың жалпы саны – 12 461 796 адам.

Конституциялық реформа жарияланған сәттен бері жаңа жобаға қарсы шыққандарға полиция қызметкерлері барғаны, сондай-ақ айыппұл салу мен қамауға алу фактілері жайлы бірнеше рет хабар тараған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қазақстандағы "суперпрезидент моделі" және Конституция жобасы: алда не күтіп тұр?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Референдум комиссиясы халыққа қойылатын сұрақ пен жауап нұсқаларын жария еттіСот "Уральская неделя" басылымына оқырманға референдум жайлы сұрақ қойғаны үшін айыппұл салдыАстана тұрғыны 15 тәулікке қамалды. Ол Конституция жобасын сынаған Жаңаөзеннің бірнеше тұрғыны Конституция жобасына қатысты пікірлерін айттыОСК Demoscope бюросына Конституция жобасы туралы сауалнама жүргізуге рұқсат етпеді