"Жаңаөзен мұнайшылар қаласы деген - бос әңгіме". Наразы жұрт пен облыс әкімінің диалогы қалай болды?

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сұйылтылған газдың екі есе қымбаттауына қарсы жұрттың 2 қаңтарда басталған наразылығы әлі басылған жоқ. 3 қаңтарда алаңға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Жиылған жұрт әкімге әлеуметтік мәселелерін айтты. Ноғаев баға өсуінің себебін түсіндірмек болған еді, қалың қауым оның сөзін тыңдамай тұрып алды.