Жердің жасанды серігі алғаш рет Еуропа құрлығынан орбитаға сәтті ұшырылды

Isar Aerospace зымыран тасығышы ғарышқа аттанған сәт. Норвегия, 5 қыркүйек, 2026 жыл

Германиялық Isar Aerospace аэроғарыш компаниясы алғаш рет Еуропа құрлығы аумағынан Жер орбитасына коммерциялық спутниктерді сәтті ұшырды.

5 қыркүйекте Орталық Еуропа уақытымен сағат 22:12 кезінде Норвегияның солтүстігіндегі Аннёйа ғарыш айлағынан Spectrum атты зымыран тасығыш ғарыш сапарына аттанды. Жер бетінен 100 шақырым биіктегі Карман сызығын кесіп өткеннен кейін зымыран орбитаға CubeSat бес шағын спутнигін шығарған.

Isar Aerospace компаниясы Spectrum зымыран тасығышын осымен екінші рет ұшырып отыр. Алғаш рет сынақ ретінде зымыран тасығышты 2025 жылдың наурыз айында ұшырған. Зымыран көкке көтерілгеннен кейін шамамен 30 секунд өткенде теңізге құлап, сөйтіп ол жолы сәтсіз аяқталған еді.

2018 жылы құрылған Isar Aerospace компаниясы Мюнхен қаласы маңында орналасқан. Компания шағын және орта көлемді жер серіктерін ұшырумен айналысады және Spectrum зымырандарын толығымен дерлік өзі дайындап шығарады. Қазір тағы бес зымыран құрастырылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Үкімет KazSat-3R ғарыш байланыс жүйесіне 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлдіҚытайдың тыңшы спутниктері Ресейдің ғарыш барлау жүйесіне дем бере ме? Сеул: Солтүстік Кореяның тыңшы спутнигін ұшыруға дайындыққа ресейліктер қатыстыОңтүстік Кореяның алғашқы барлау спутнигі Пхеньянның суреттерін жібердіKazSat-3 спутнигіндегі ақауға байланысты қазақстандық телеарналардың эфирі үзілген