ZITABL and AURA көрмесі

Көрме залының ортасына фотосуреттер салынған ұзын баннер ілінген. ZITABL and AURA арт-дуэтінің бұл жұмысы "ЛЮКовый портал" деп аталады

Зитта Сұлтанбаева шығарған өлеңдердің мәтіні жазылған парақ

Солдан оңға қарай: Абликим Акмуллаев, Зитта Сұлтанбаева мен қыздары Аурелия. Зитта Сұлтанбаева мен Абликим Акмуллаев — Алматыдағы қазіргі заманғы өнер саласына танымал суретшілер. Олардың қызы Аурэлия – фотоколлаж жасаумен шұғылданады

Абликим Акмуллаев жас кезінде британдық Pink Floyd тобының The Wall альбомы зор ықпал еткенін айтады. Өз сөзінше, 1981 жылы СССР азаматы төлқұжатын алған кезде Pink Floyd деп қол қойған, сол құжатпен Қазақстан тәуелсіздігін алып, жеке куәлік алғанға дейін жүрген

ZITABL және AURA арт-дуэті бұл көрмесін 1968 жылы Парижде және әлемнің басқа қалаларында болған студенттер наразылықтарына арнаған

Француз және орыс тілдерінде жазылған 1969 жылғы "Қызыл мамыр" наразылығының әйгілі ұраны - "Тыйым салуға тыйым саламыз!"

Көрмедегі шығармалардың бірі - "Махаббат шабаданы"

"Махаббат шабаданы" ішіндегі жазу

Құқыққорғаушы әрі журналист Андрей Свиридов көрмеге қойылған Зитта Сұлтанбаеваның жұмыстарымен танысып тұр

Осыдан үш жыл бұрын Украинада басталған оқиғалардан кейін дос-жаранның кейбірі идеялық көзқарасына байланысты алшақтауы Зитта Сұлтанбаеваның "Укропы и Вата" суреттер сериясының дүниеге келуіне түрткі болған

Суреттердегі тарих бойынша, Укроп пен Вата арасында сүйіспеншілік сезімі туып, мақтабас, аскөк қолдары бар УкроВато есімді сәби дүниеге келеді

Зитта Сұлтанбаеваның "Қызыл және ақ" тақырыбындағы жұмыстарына да идеологиялық тірес арқау болған. Ол өткен ғасырдың 20-жылдары болған ақ пен қызыл арасындағы күреске арналған

Қызыл тулы көрші елде ұлттық азшылықтарға қысым жасалатынынан хабардар болғаннан кейін Абликим Акмуллаев өз ой-көзқарасын "Тақияға деген қызыл махаббат" атты шығармасы арқылы жеткізуге тырысқан

Абликим Акмуллаев пен Зитта Сұлтанбаеваның қыздары Аурелияның мына фотоколлажы "Айналардағы шындық" деп аталады