Атырауда ХІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аяқталып жатыр. Қазақстан президенті екі елдің Каспий аймағы мұнайын игеруде жаңа технологияға сүйенуі қажет екенін айтты.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай биліктен кетті. Оның 13 жыл ішінде есте қалған мәлімдемелері баршылық.
Зокир Хасановты Ташкент түрмесінде азаптағаны, оның азапқа шыдамай дүние салғаны екі жылдан кейін белгілі болды.
Ресейдің Астрахань қаласында Каспий елдерінің саммиті өтті. Бес мемлекет басшылары Каспий теңізіне қатысты бірнеше келісімге қол қойды.
Ресей парламенті БАҚ-қа шетелдіктердің иелік етуін шектейтін заң жобасын мақұлдап, президентке жолдады. Шетелдік инвесторға тиесілі «Ведомости» газеті бұған алаңдап отыр.
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Ауғанстан мен Пәкістанды да қамтуы мүмкін бе? Бұл аймақтағы кейбір әскерилер ИМ басшылығына адал боламыз деп ант берген соң, қауіп күшейді.
«Әл-Каида» басшысы әз-Завахири Үндістан, Мьянма мен Бангладеште осы ұйымның қарулы бөлімшелері құрылғанын хабарлады.
Ресейлік режиссердің «Ленинленд» деректі фильмі СССР көсемі Ленинге табынушылықтың әлі де бар екенін көрсеткен.
Қырым «билігі» Украина мен түбек арасындағы байланысты барынша азайтуға тырысып жатыр. Қырымға Украинадан жүк жеткізу қиындады.
Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанның «сенімді қауіпсіздік тетіктерін» жасауы тиіс екенін, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қазіргі талаптарға «жауап бере алмайтынын» айтты.
Ресей телеарналары Украина әншісі Анастасия Приходьконы қаралау науқанын бастады. Кезінде Ресейге барып, эстрада жұлдызына айналған әнші Кремльді сынап, Украинаның соғыстан зардап шеккен қалаларында концерт қойып жүр.
Қыс келе жатыр. Экономикасы шатқаяқтап тұрған Украинаға қыстан шығу қиынға соғатын түрі бар. Кремльдің Киевке арзан газ сатуды доғарғаны белгілі.
Ресейдегі этникалық азшылық өкілдері осы аптада Нью-Йоркте өткен БҰҰ конференциясына баруға Кремльдің кедергі жасағанын айтады.
Грузиядағы демократия институттарының болашағына президент пен үкімет арасындағы бақастықтың зияны тиюі мүмкін. Сарапшылар болжауынша, екеуінің ортасына миллиардер Иванишвили ши жүгіртіп отыр.
Алматы облысында Су-27 әскери ұшағы апатқа ұшырап, сынықтары Көксу ауданынан табылды. Қазір ұшақта болған екі ұшқышты іздестіріп жатыр.
Ауғанстанда жаңа президент анықталып, дауласып келген екі үміткер «ұлттық бірлік үкіметін» құратын болды. Жаңа үкімет қандай міндеттерді атқармақшы?
New York Times басылымы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымынан да қауіпті «Хорасан» террористік тобы туралы жазады.
Мәскеудегі «СНГ» азық-түлік дүкені Ресей мен бұрынғы совет елдерінің тауарларын сатады. Ресейге салынған санкция мен елде патриоттық сезім күшейген шақта дүкен өз ұпайын түгендеп алды.
Украина президенті егер бітім туралы келісім орындалмаса, мемлекет өзін қорғауға дайын болу керектігін мәлімдеді.
Батыс елдері санкцияларының Ресей экономикасына әсері айқын байқалып отыр. Рубль құнсызданып, үкімет мемлекеттік компанияларды қолдау үшін жан-жақтан қаражат іздей бастады.
Тағы