Өзбекстанда «Миллион» әзіл-сықақ клубы өте танымал бола бастаған еді. Қойылымдары аншлагпен өтетін. Бірақ билік бұл труппаның бұдан арғы жұмысына тыйым салды.
Ресейден қоныс аударған бизнесмен Евгений Чичваркин елдің ең дәулетті адамдарының бірінің қамауға алынғанын "саяси істен гөрі активтерді тонауға" ұқсатады.
Баку АҚШ-тағы мүддесін қорғау үшін Батыстың зерттеу орталықтарын «майлап» жатыр деп жазған The New York Times-тың өзі Әзербайжан билігін жақтайтын зерттеушінің мақаласын жариялады.
Қырғызстанда «елді артта қалған қылып көрсетеді» деп мемлекет атауындағы «стан» жалғауын алып тастау туралы ұсыныстар айтылып жатыр.
Петр Порошенко "Кремльдің орыс тілділерді қорғау саясаты Украинада соғыс шығарғанын" және Кремльдің бұл позициясы бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға да қатер төндіретінін айтты.
Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримованың Лондонда тұратын өкілі Локсли Райан оның "үй-қамақта отырғанын көрсететін" жаңа суреттер туралы сұхбат берді.
Украинаның шығысындағы қақтығыс өршіген сайын екі жақ бір-бірін сөзбен қағытып, қарсыластарына түрлі айдар тағуға шебер болып барады.
«Ислам мемлекеті» содырларына қарсы құрылған халықаралық коалицияға Иран кірмей қалды. Бірақ бұл ел АҚШ бастаған одақпен қосарласып, содырлармен өз алдына жеке соғыспақ.
Қыркүйектің 18-і күні Шотландия халқы Ұлыбритания Біріккен Корольдігі құрамынан шығу мәселесін дауысқа салмақ.
Қырым татарлары жергілікті сайлауға бойкот жариялап, қарсылық шарасы ретінде ет қосылған шелпек пісірді. Ресей күшпен қосып алған түбекті олар «өздерінікі» санайды.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кезінде ықпалды саясаткер болған қызы Гүлнараның "үйқамақтағы" суреттері бірінші рет БАҚ-та жарияланды.
Human Rights Watch ұйымы Ресейдегі мүмкіндігі шектеулі балалардың тағдыры туралы есебін жариялады. Онда балалар үйіндегі дамуында ақауы бар сәбилердің 30 пайызы зорлық-зомбылық көретіні жазылған.
Осы апта Шотландия халқы Ұлыбритания құрамында қалу я тәуелсіз мемлекет болу жөнінде шешім қабылдайды. Бұған қатысты тоғыз мәселені қаперіңізге түйе жүріңіз.
Таяу Шығыс пен Еуропа елдері Ирак пен Сириядағы ИШИМ содырларына қарсы АҚШ бастап соғысатын коалицияға қосылмақшы.
Молдова православ шіркеуі басшысының Түркиядағы жағажайда бір әйелмен түскен суреттерін жариялаған жергілікті газет қоқан-лоқыға тап болғанын айтады.
АҚШ пен Еуропа Одағы енгізген жаңа санкциялардың әсерін Ресей бірден емес, ұзақ уақыттан соң сезінетін болады дейді сарапшылар.
Cириядағы қақтығыс әуелде президент Башар Асад режиміне қарсы көтерілістен басталды. Кейін мақсат-мүдделері әртүрлі қарулы топтар көбейіп, бұл соғысқа АҚШ араласқалы жағдай тіпті ушығып кетті.
Душанбеде өткен ШЫҰ-ның кезекті саммитінде Украинадағы дағдарыс, аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық интеграция мәселелері талқыланды.
10 жыл бұрын АҚШ-қа көшіп барған украин музыканттың Путинге қарсы саяси әндері халық арасына кең тарап барады. Жақында ол жаңа «клип» шығарды.
Тағы