Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы жаңа есебін жариялады. Есептің толық атауы – "Саяси қуғын, экономикалық шектеу: терроризмді қаржыландыруға қатысы бар деген қазақстандықтар тізімі қалай қосымша адам құқығын бұзуға әкелді".
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты алты ауыл тұрғындары қоқыс полигонының алдына жиналып, оның жабылуын талап етті. Жағымсыз иістен зәрезап болдық деген олар басшылықтан мәселені шешу үшін нақты әрекет жасауды талап етті. Ал полигондағылар "санитарлық талаптарға сай жұмыс істеп жатырмыз" дейді.
Банкир Тәтішевтің 20 жыл бұрынғы қазасының жұмбағы әлі толық ашылмаған сыңайлы. Оны оппозиционер Әблязовтың тапсырысымен өлтірдім деген Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын босап шықпақ.Ал Тәтішевтің туыстары "бізден ешкім рұқсат сұрамады" дейді.
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Курскіде 93 елді мекен мен 1263 шаршы шақырым аумақ Украина әскерінің бақылауына өткенін хабарлады.
Ресейдің Курск облысына Украинаның шабуылдап жатқанына екі апта болды. 19 тамызда президент Владимир Зеленский Курскідегі 92 елді мекен Украина әскерінің бақылауына көшкенін айтты. Бұл шамамен 1250 шаршы шақырым аумақ. Жау жағадан алғанда Ресей президенті Әзербайжанда жүр.
Жаз шықса, Қазақстан жұртшылығы елдің оңтүстік-шығысында, Жетісу және Абай облыстарының ортасында орналасқан тұйық айдын – Алакөлге ағылады. Жұрт көлдің Алматыға жақын батыс жағында да, Семей жағындағы шығыс жағында да демалады. Алакөлде болып қайтқан Азаттық тілшісі не көрді?
Украина әскері Ресейдің Курск облысына шабуылын жалғастырып жатыр. Бұған қоса, Ресейдің Белгород облысы да "жағдай өте қиын" деп, төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет және Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін екі жарым жыл өткенде Ресей аумағы ашық шабуылға ұшырады. Ресей жеріндегі шайқастар "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қақтығысқа араласа ма?" деген сұрақ туындады.
Украина әскерінің Ресейдің Курск облысына шабуылы жалғасып жатыр. Украинамен шекарадағы Курск облысынан мыңдаған адам эвакуацияланды.
Ресей түрмесінде 9 айдай отырған Азаттық тілшісі Алсу Құрмашева Мәскеу мен Вашингтон арасындағы тарихи тұтқын алмасу шарасы аясында бостандыққа шықты. 5 тамызда Алсу Құрмашева мен күйеуі Павел Буторин Азаттыққа бостандықтағы өмірге қалай бейімделіп жатқанын айтып берді.
2 тамызда Қонаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бостандығынан айырды. Азаттыққа бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының көрермендермен қызмет бөлімінің жұмысшылары театр басшылығы еш ескертусіз жұмыстан шығарғанын айтады.
Журналист, Ne Deidi YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрімнің сотында жарыссөз аяқталды. Айыптаушы соттан журналисті кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырып, 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады.
18 шілдеден бастап режиссер Асхат Кучинчерековтың "Бауырына салу" фильмі кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр. Әке-шешесінен жырақта өскен баланың күйзелісін көрсеткен фильмнен көрермен әсерленіп шықты. Өзі де осы дәстүрмен ата-әжесінің қолында өскен фильм авторынан Азаттық сұхбат алды.
Қазақстан споршылары 26 шілдеде басталатын Париж олимпиадасына аттанды. Бұл жарыста ел намысын 80 спортшы қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады. Болжам қандай?
Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасы түйіскен Ферғана аймағында су экологиялық, экономикалық, әлеуметтік ғана емес, геосаяси мәселеге айналған. Өзендердің көбі үш мемлекеттің де аумағынан ағып өтеді. Сондықтан суды ортақ пайдалану және бөлісу — даулы мәселе.
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады.
Қырғызстанда жүздеген шопан көктемнің аяғында таудағы жайлауға ұзақ, қиын да қауіпті жол жүріп жетеді. Мал жаюға шөбі шүйгін жер іздеген көшпенді қырғыздар алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда биік тауға шығуы керек.
Тағы