Орал соты жергілікті белсенді, құрамында есірткі бар "Трамадол" препаратын заңсыз сатумен күресуші ретінде танылған заңгер Аслан Өтеповті "алаяқтық жасаған" және "пара беруге итермелеген" деп танып, оған жеті жыл түрме жазасын кесті. Өтепов "ойдан құрастырылған" айыпты мойындамайтынын айтты.
Оралда азаматтық белсенді Аслан Өтеповтің ісі ұзақ жыл түрме жазасымен аяқталды. Сот оны "алаяқтық жасады", "пара беруге итермеледі" деп танып, жеті жылға соттады. Үкімді естіген белсендінің жақтастары судьяны сот залынан айқаймен шығарып салды.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бері билікті сынап жүрген оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин 2023 жылғы 18 мамырда 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Оның әр жылдары Азаттық радиосына берген сұхбаттарынан үзінді.
1990 жылдардан бері Қазақстаның саяси өмірінде белсенді күрескерлігімен көзге түскен қоғам қайраткері, көп жылын оппозицияда өткізген Жасарал Қуанышәлин 74 жасында қайтыс болды.
АҚШ мемлекеттік департаменті діни азшылықтар құқығының шектелуі мен адамдарды діни көзқарасына байланысты бостандығынан айыруды Қазақстандағы дін еркіндігі саласындағы елеулі мәселелердің бірі деп есептейді.
Екі ай бұрын ұсталып, Тараздағы Қаңтар оқиғасына байланысты тергеліп жатқан Әділет Ахыт өзіне қол жұмсады. Өзін жараламас бұрын хат жазып, тергеуде "заңсыздық болып жатқанына" шағынған. Тергеу оған "жаппай тәртіпсіздікке шақырып, өзі де қатысты", "ұрлық жасады" деген айып таққан.
Түркиядағы президент сайлауынан кейін бюллетеньдердің 98,38 пайызы саналып, елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған 49,34 пайызбен алда келеді. Оның негізгі бәсекелесі – "Халық альянсы" оппозициялық бірлестігінен сайлауға түскен Кемал Қылышдароғлы 45 пайыз дауыс жинап екінші орында тұр.
ШҚО Глубокое ауданында «жол жөндеу тендерлері әкімнің әкесінің компаниясына беріледі» дейді кәсіпкер Виктор Леонтьев. Ол екі айдан бері 20-дан астам қызметкерімен бірге жұмыссыз қалған. Кәсіпкер айтып отырған Глубокое ауданына мәжіліс депутаты Лұқбек Тұмашиновтің ұлы Эльдар Тұмашинов басшылық етеді.
Алматыда кино саласының мамандары Киноны қолдау орталығын айыптап, президентке үндеу жолдады. Полиция оларға жиынның заңсыз екенін айтып, ескерту жасады.
Кейінгі жылдары сайлау науқанын тәуелсіз бақылаумен айналысқан 33 жастағы Арайлым Назарова биыл наурызда мәжіліс депутаттығына кандидат болды. Бұл – оның алғаш рет сайлауға түсуі. Азаттықтың түсірілім тобы сайлау күні Назарова үгіт-насихатты қалай жүргізгенін бақылады.
СССР ыдырағанда қырғызстандық Юлдошев отбасы Қарағандыға көшеді. Олар осы күнге дейін түрлі себеппен құжат реттей алмай, үш ай сайын шекарадан әрі өтіп, қайтып келіп жүреді. Арада 30 жыл өткенде ғана олар қоғамдық ұйымның көмегімен құжатын заңдастырып, Қазақстанда тұруға ресми рұқсат алды.
Қазақстаннан 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың аты-жөнін, өлімнің жай-жапсарын, азаптау фактілері мен ол бойынша жүргізілген тергеу туралы барлық деректі жариялау сұралып отыр. Мұны Қазақстанның кезекті есебін тыңдаған БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті талап етті.
Павлодарда құрылысы жүріп жатқан және салынып біткен ондаған ғимарат дауға қалып отыр. Тағы бірнеше үй сот шешімімен бұзылмақ, көбі – тұрғындар пікірін ескермей, көпқабатты үйлер мен рекреациялық аймаққа жақын салынған нысандар. Бір-біріне жапсарлас тұрған үйлер – елдегі көп қалаға ортақ мәселе.
Ресей ақпарат құралдары өткен түні Украина қарулы күштері Кремльге дронмен шабуыл жасағаны туралы жазып жатыр. Әлеуметтік желіге видео да тарады. Мәскеу тұрғындары күн күркірегендей дауыс естігенін айтқан.
Тағы