Қызылорда полициясы облыс мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" мүшесі Аида Әбибуллаеваның жыл басында Жаңаөзен халқының талабын қолдаған пікірін "арандату", "азғындық" деп бағалап, облыс әкімінен оған "шара қолдануын" сұраған. Мұны "пікір білдіру хақыма қол сұғу" деп қабылдаған депутат сотқа жүгінбек.
2021 жылы Қазақстанда алғаш рет ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлады. Билік сайлауды қоғамның демократияға қарай жаңа қадамы деп атады. Қарашаның аяғында Батыс Қазақстан өңірінде шағын ауылдың тұрғындары сайлауда бақ сынап көрді. Бірақ сайлау қорытындысы олар ойлағандай болмай шықты.
Қазақстанда парламент мәжілісінің төрағасы ауысты. Президент әкімшілігін басқарып келген Ерлан Қошанов "өз өтініші бойынша" депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын доғарған Нұрлан Нығматулиннің орнына спикер болып сайланды. Қошанов биліктегі "Нұр Отан" партиясының мәжілістегі фракциясын да басқармақ.
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп жараланған, бірақ абақтыда отырған 7 адам үйіне жіберілді. Тағы 2 азамат ауруханадан шықты. Бұл ақпаратты "Аманат" қоғамдық комиссиясы хабарлады. Босағандардың көбі Қылмыстық кодекс 272-бабы ("жаппай тәртіпсіздік") бойынша істі болған. Тергеу әлі жүріп жатыр.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұр Отан" партиясы төрағалығына сайланды. Жаңарған саяси кеңес құрамына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев, оның қызы Дариға, қаңтардағы наразылық тұсында отставкаға кеткен экс-премьер Асқар Мамин, партия басшысының 1-орынбасары болған Бауыржан Байбек енбеді.
Азаттық зерттеуі: Назарбаев пен оның отбасы мүшелері Алматының бір ауданында ғана 135 гектар жерге үй салған; Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдаспайды. Сенаторлар "елбасы" заңына өзгеріс енгізді; Алматыда ондаған адам қамауда отырған туыстарын босатуды талап етті.
Азаттық экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, қыздары - Әлия, Динара, Дариға Назарбаевалардың, інісі Қайрат Сатыбалдының Алматының Бостандық ауданында орналасқан зәулім үйлерін анықтады. Ондағы 135 гектар жерді, жылжымайтын мүліктерді кімнің қалай иеленіп отырғанын көрсетеміз.
Әлия Назарбаевамен байланысы бар "Оператор РОП" компаниясының төрағасы мен вице-министр ұсталды. Ал атқарушы директоры "суицид" жасап қаза болды. Қаңтар дүрбелеңінде Алматыда қару таратқандар кім? Қамалған үш азаматтың ата-анасы "ұлдарын әлдебіреулердің мәжбүрлегенін" айтады.
Human Rights Watch 4-6 қаңтар күндері Алматыда түсірілген 80-нен астам видеоны талдап, қауіпсіздік күштері кемі төрт жағдайда кісі өліміне әкелуі мүмкін қару қолданғанын айтты. HRW сондай-ақ Қазақстан билігі халықаралық стандартқа сай тергеу жүргізе алмаса, онда Мәскеу тетігін іске қосу қажет деді.
Қазақстанда қаңтардың басында болған дүрбелеңнен кейін жағдай тұрақтала бастағанымен жұртты мазалайтын сұрақтар бар. Қанша адам қаза тапты? Қанша адам қамауда отыр? Неше қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр? Азаттық жұрт көкейіндегі сауалдарға жауап іздеп көрді.
Қызылордада 17 күн бұрын жерленген адамның мәйітін полиция қаңтар оқиғасына байланысты қабірден қайта қазып алған;
Жараланып, ауруханада жатқандарды полиция кәрі-жасына қарамай жалаңаяқ, жалаңаш күйде алып кеткен; Қаңтар оқиғасынан соң абақты маңын жағалаған жұрт азаймай тұр; Украина мен Ресейдің соғысынан қауіптенген батыс елдері Киевтегі дипломаттарын әкете бастады.
Кейінгі апталарда Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы бейбіт наразылықтар мен сөз бостандығын басып-жаншуды жиілетті. Кабулдағы үйінде шабуылға ұшыраған журналист мұны содырлардан көріп отыр. Сондай-ақ тәліптердің бейбіт наразылыққа қатысқан екі әйелді тұтқындағаны жайлы хабар тарады.
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмып, жерленгендердің мәйітін қайта қазып алмақ; Еуропарламент президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ескертусіз оқ ату" бұйрығын сынап, қарар қабылдады. Қарарды Қазақстан "біржақты құжат" деп атады.
Қазақстан парламенті бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына арналған конституциялық заңды өзгертіп жатыр; Журналистер Назарбаев қайырымдылық қорлары арқылы 7.8 миллиард доллардың активін иемденіп отырғанын анықтады; Нұр-Сұлтан соты Назарбаевтың беделіне нұқсан келтіру шағымы бойынша қозғалған істі қысқартып тастады.
Алматыда полицейлер ұстап әкеткен азаматтың мүрдесін туыстары мәйітханадан алды; Ақтөбе мәйітханасы оқ тиіп көз жұмған жігіттің сүйегін жақындарына бермей отыр; Қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов шақырған митинг өтпей қалды.
Тағы