Осыдан үш жыл бұрын дәл осы күні Қазақстанда президент сайлауы болған еді. || Саясаткер Жанболат Мамайға жаңа айып тағылды. Ол он жылға дейін сотталуы мүмкін. || Қызылордада қант тапшы, тұрғындар қымбат қант үшін кезекке тұруға мәжбүр.
Тоқаев президент болып сайланғалы 3 жыл болды. Халықтың өмірі қаншалықты өзгерді?
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт ай болды. Әскер санын жасырғысы келетін Мәскеу астыртын мобилизация жүргізіп жатыр. Наурыз-сәуірде соғысқа еріктілер жазылған. Олардың көбі күш құрылымдарының бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлері.
Азаттық Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте қаза болғандар жайлы бұрын жарияланбаған жаңа деректерді қолға түсірді; Билік референдумда Тоқаев дауыс берген учаскеге Азаттық тілшілерін неге кіргізбеді? Оқушылардың мектепте хиджаб тағуы желіде тағы да дауға түрткі болды.
Бішкектің жанармай бекеттерінде бензиннің литрі 61-64 сомнан сатылып жатыр. Көлікпен табыс тауып, күн көріп жүрген адамдар жанармай қымбаттаған соң табысы азайғанын айтады. Елде көрші Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз таситындар көбейді.
Қаңтар оқиғасында інісі оқ тиіп қаза тапқан Нұр-Сұлтан тұрғыны АҚШ елшілігінің алдында пикет өткізіп, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сотталуын талап етті.
Қазақстанда 5 маусым күні конституцияға енетін өзгерістер жобасына байланысты референдум өтті. Орталық референдум комиссиясы дауыс беруге құқылы тұрғындардың 68 пайызы таңдау жасағанын, олардың 77 пайызы жобаны қолдағанын мәлімдеді.
Украина әскерилері елдің шығысындағы Северодонецк қаласына бақылау орнату үшін шайқасып жатқанда Ресей артиллерисымен елдің басқа да аймақтарын атқылап жатыр. Северодонецктен батысқа қарай орналасқан қалашықтың тұрғындары 5 маусымда ракета даусынан оянғандарын айтады.
Қазақстанда 5 маусым күні Конституцияға енетін өзгерістерге байланысты референдум өтті.
5 маусымда Қазақстанда конституцияның үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізуді көздеген жалпы халықтық референдум өтті. Орталық референдум комиссиясы дауыс берушілердің жартысынан астамы түске дейін учаскеге келгенін айтып үлгерді. Кейбір тұрғындар Конституцияға енетін өзгерістерден бейхабар.
Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда дауыс беріп шыққан жұрт не дейді?
5 маусым – Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумға дауыс беру күні. Билік бұл шараны қоғамды демократияландыруға қарай қадам деп көрсетуге тырысады. Сын айтушылар бұрынғыдан ештеңе өзгермейді деп санайды. Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше ай өткенде негізгі заңға өзгерістер енгізу жайлы бастама көтеріп, референдумды 5 маусымда өткізу туралы шешім қабылдаған. Бұл – Қазақстан тарихындағы үшінші, ал Тоқаев билікке келгелі бергі алғашқы референдум.
Украинадағы соғысқа 100 күн болды. Орыстар Украина аумағының 20 пайызын басып алған. Киев ел мен жерді азат етпей тынбайтынын айтады.
Ресейдің Украинаға басып кіргенін 2 маусымда 99-күн болды. Осы күні Ресейдің Донецк облысындағы Северодонецк қаласына бақылау орнатқаны айтыла бастады. Ал Батыс елдері Украинаға тағы да қару-жарақ жеткізбек. Орыс әскері мен украин күштерінің арасындағы кескілескен шайқас қалай жүріп жатыр?
Қаңтар оқиғасының басы болған Жаңаөзен қаласында еңбек даулары көбейіп барады. Екі бірдей компания жұмысшылары жалақы, әлеуметтік төлемнің аз екенін айтып, ереуілдеп жатыр.
Washington has agreed to supply Ukraine with a powerful rocket artillery system. Here's how the weapon works, and why its full power will not be available to Kyiv.
Азаттық радиосы "Қаңтар құрбандары" деп аталатын жаңа жобаны таныстырды. Жобаға қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан, жараланған, абақтыда азап көргендердің дерегі, оқиғасы топтастырылған.
Тағы