6 шілде Астана күні Нұрсұлтан Назарбаевтың «30 жылдағы қылмыстары» туралы акция өткізіп, экс-президентті туған күнімен “құттықтамақ болған” “Демпартия” белсенділерін полиция ұстап әкетті. Ал Республика алаңында Қаңтар оқиғасына арнап жасаған ескерткіш жобасы таныстырылды.
Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енгізіп, құрамындағы Қарақалпақстанды егемендіктен айырмақ болған соң шілденің басында мыңдаған адам Қарақалпақстан астанасы Нөкіс көшелеріне шықты. Ташкент онда әскер кіргізіп, наразылықты күшпен тарқатты.
Өзбекстан билігі 25 маусымда Конституция 66 бабына 170 өзгеріс енгізу үшін жалпы ұлттық референдум өткізетінін жариялады. Өзгерістердің бірнешеуі мемлекет құрамындағы автономиялы республика Қарақалпақстанның егемендігін жойып, бөлініп шығу құқығынан айырады.
238 адам қаза болған Қаңтар оқиғасында іс-түзсіз жоғалғандар бар. Олардың аты-жөні мен саны белгісіз. Билік олар туралы мәлімет бермеді.
Соғыстың 125-күні ресейліктер тағы бір қалаға зымыран атып бірнеше адам қаза болды. Мәскеу қаланы атқылағанын жоққа шығармайды. Осы кезде Мәскеудің өзінде соғысты ашық сынап жүрген ресейлік санаулы оппозиционердің бірін полция ұстап әкетті.
Екі ай бұрын, сәуірде қол астындағы қызметкерінен ақша сұраған видеосы тарап, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары жұмыстан кетті. Желідегі жұрт оның жауапқа тартылмағанына таң қалады.
Мамырдың ортасында Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылданған оқушылар тізімі жарияланды. Бірақ Алматыдағы химия-биология бағытындағы мектепке тапсырған оқушылар байқау әділ болмады дейді.
Донбасс үшін айқастың жарияланғанына 2 ай болды. Ресейліктер Донецк облысын да, Луганск облысын да толық бақылауына ала алмады. Украина тарабы тамыздың соңына дейін басып алынған аймақтарды қайтарып аламыз деп отыр.
Украина-Ресей соғысына 110 күн болды. Батыс барлаушыларының есебінше, екі жақтан да ондаған мың адам қаза тапқан. Халықаралық сарапшылар бұл соғыс әлемге ядролық қарудан төнетін қауіпті күшейте түскенін айтады.
2019 жылдың наурызында Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін мәлімдеп орнын сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. 9 маусымдағы президент сайлауында ол жеңіп шығып, бес жыл мерзімге сайланды. Содан бері не өзгерді?
Билік 5 маусымдағы референдумды билікшік телеарналар мен басылымдарда насихаттау үшін бюджеттен 400 миллионға жуық теңге жұмсаған. Бұл қаржыны қай медиалар алған және басылымдар қандай жарнама жасаған?
Референдум күні Қазақстанда дауыс беру бюллетендері көп бүлінді. Желіге жарияланған суреттерде дауыс беруге келгендердің арасында бюллетенге қаңтар оқиғасын әділ тергеуді, қаза болғандардың тізімін жариялауды жазғандар жиі кездесті.
Азаттық тілшілері референдумда Конституцияға дауыс беру кезінде бірнеше заң бұзушылықты анықтады
Ресей-Украина соғысына 100 күн болды. Киевті әуелде санаулы күнде басып алатынына сенімді болған Кремль пропагандасы бұл датаға аса назар аударғысы келмейді.
Ресей әскері бірер күнде Луганск облысын алмақ. Батыс сарапшылары Украина күштері қару күтіп отырғанын, сол үшін әдейі шегініп жатқанын айтады.
Совет одағында 1926 жылы төрт миллионға жуық қазақ болды. Ал 13 жылдан кейін қазақтар азайып, 3 миллионнан әрең асты. Мұның бірден бір себебі - алапат ашаршылық.
Украина шығысында Ресей мен Украина әскері арасында қатты шайқас жүріп жатыр. Шабуылға төтеп беру қиындағанын айтқан Киев Батыс елдерінен қосымша қуатты қару сұрайды. Ал Еуропа Ресей отынына эмбарго қою бойынша келісімге келе алмай жатыр.
5 маусымдағы референдум қарсаңында Алматыда университет басшылығы студенттерді дауыс беруге шақырып қана қоймай, байқаушы болуға үгіттеп жатқаны жөнінде ақпарат тарады. Олар бұл үшін ақша төленеді деп сендірген. Университет өкілі бұл деректі растамады және терістеген де жоқ.
Германия канцлері Олаф Шольц НАТО елдері Ресеймен тікелей қақтығыспауға тырысады, бірақ Путиннің айтқанына көнбейді, айдауына жүрмейді деді. Осы тұста неміс басылымдары Германия Украинаға ауыр қару-жарақ беруге құлықсыз екенін жазды.
Тағы