Медицина университетінің интернатурасын бітірген жастар ауыл квотасына бола резидентураға құжат өткізе алмай жатқандарын айтады. Құжат қабылдаушылар «ол мәселе қазір шешілгенін» хабарлады.
Алматы облысы Талғар ауданында кеше күндіз жүрген селден таудағы жолдар бүлінген. Ресми ақпарат бойынша, селден қаза тапқан не зардап шеккен ешкім жоқ.
Алматыда АТФ банк ғимараты алдында наразылық білдірген бірнеше белсендіні полиция ұстап, біреуіне айыппұл салды. Ал банк борышкерлер мәселесін шешіп жатқандарын айтады.
Алматылықтар отставкаға кеткен және жаңа тағайындалған үкімет жайлы пікірлерін айтты.
Алматыдағы Тоyоtа мен Lexus көліктері бөлшектерін сататын дүкендер жабық тұр. Заңгер мұны әлемге танымал компанияның құқығын қорғау шарасы деп түсіндірді.
Халық өкілдерінің құрылтайында «сөз бермедіңдер» деп дау шығарғандар да болды. Алматы, 23 қараша 2013 жыл.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында 18-ғасырда өмір сүрген Жидебай батырдың 300 жылдығына арнап ас берілді. 17-18 тамыз 2013 жыл.
Құрамында сынап бар, энергия үнемдейтін электр шамдарын қайта өңдейтін цех бастығы Гавриил Казанцев сынаптан қалай залалсыздандыратынын көрсетті. Алматы, 15 маусым 2013 жыл.
Илья Ильин бас жаттықтырушы Алексей Нидің отставкасы туралы Алматыға келгенше естімепті. Ильиннен кейін Алматы әуежайына тағы бір чемпион Ольга Рыпакова түсті.
Ұзынағаш ауылындағы «Аңсар» қазақ ауылында» өткен қымызмұрындыққа еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарияға дейін келді. Қымызмұрындық әрі қымызхананың тұсаукесеріне келген меймандар қымыз-қымыран ашытудың қыр-сырымен танысып, мәре-сәре болып қайтты.
Алматы қаласының Ақсай-4 ықшамауданы тұрғындары аулаларында басталған тұрғын үй құрылысына қарсы шығып отыр. Тұрғындар шағым айтып «бармаған жері, баспаған тауымыз қалмады» дейді.
«Мемлекеттік құпияны жариялады» деген айыппен үш жыл түрмеде отырған «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов қаңтардың 6-сы күні бостандыққа шықты.
Желтоқсанның 18-і күні жазушылар одағында Алматыда оқып жатқан Жаңаөзен жастары мен зиялы қауым өкілдері кездесті. Ақын-жазушылар жастарға Маңғыстаудағы қазіргі оқиғаның «саяси мақсаты жоғын» айтты.
Рэпер Тәкежан Өтеғалиев биыл алғашқы ән жинағын шығарды. Жуықта ереуілдеген мұнайшыларды қолдаған мәлімдемесі оған жұрт назарын аудартты.
Алматы облысы Ащыбұлақ ауылындағы қарттарға арналған үйде әкелі-балалы Жидкихтер тұрып жатыр. Азаттық радиосы биыл көктемде олардың тағдыры туралы хабарлаған еді. Арада сегіз ай өткенде тілшіміз оларға тағы жолығып қайтты.
Қазанның 21-і күні Алматы метросының алғашқы желісінің жолдары сынақтан өткізілді. Метрополитеннің жолаушылар тасымалдайтын вагонына мінген Алматы қаласының әкімі, мамандар мен журналистер үш станса аралығын жүріп өтті.
Алматы облысындағы Междуречинск ауылында тұратын мүгедек Андрей Жидких пен оның 12 жасар ұлы Виталий туралы Азаттықтың хабарынан соң әкелі-балалы жандарға жәрдем беруге тілек білдірген сайтымыздың оқырмандарынан көптеген пікірлер мен хаттар келіп түсті.
Анасыз өсіп келе жатқан Виктор жастайынан үй шаруасының бар тірлігіне көмектесетін. Әкесі Андрей төсек тартып қалған күннен бастап, әкелі-балалы отбасының бар жүгі 12 жасар баланың мойнына түсіп отыр.
Тағы