Қазақтың киіз үйі, өзбектің палауы және тәжік диаспорасының гуманитарлық көмегі – Орталық Азиядан шыққан азаматтар Ресей агрессиясына қарсы тұрған Украинаның Киев, Харьков және өзге қалаларында жұртты демеп жүр. Көбіне Украина екінші отанға айналған – сонда балалары өсіп, ата-анасы жерленген.