"Араздық қоздыру" бабымен күдікті деп танылған "Нағыз Атажұрт" еріктілерінің соты 23 қаңтар күні Талдықорғанда өтпек. Азаттық радиосының қолында бар құжатқа сәйкес, Қытайдың мұсылман ұлттарға қатысты саясатына наразылық білдірген 19 белсендіні қудалауға ресми Пекиннің қысымы себеп болған.
Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату үшін белсенді дипломатиялық амалдар жасалып жатқан шақта Киев пен жақтастарының негізгі ойы мынаған саяды: Украинаға құрғақ уәде емес, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді әрі нақты іске асатын кепілдік берілсе ғана бейбітшілік баянды болмақ.
Әскери қақтығыстар кесірінен жер шарында ұшуға болмайтын аймақ көбейіп барады. Соғыс оты тұтана қалса, мемлекеттер әуе кеңістігін жаба қойып, жолаушыларды, ұшқыштар мен әуе компанияларын әбігерге салады.
Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы Совет одағы кеңістігінен долларды ығыстырып шығару туралы заң жобасын ұсынғанда ТМД елдерінің көпшілігі бұған аса таңырқай қойған жоқ.