Accessibility links

Экс-диктатор «Бэби Док» Дювальеге айып тағылды


Гаитидің бұрынғы диктаторы Жан-Клод Дювальеге коррупциялық іс-әрекеттер жасаған және мемлекет қаржысын ысырап қылған деген айыптар тағылды.

Кеше полицейлер оны Порто-о-Пренс қаласындағы қонақ үйден алып шығып Гаитидің құқық және сот органдарының өкілдеріне жолықтырған соң қайтадан қонақ үйге әкеп тастады. Қонақ үйді полицейлер қоршап тұр.

Ел аузында «Бэби Док» аталып кеткен Жан-Клод Дювалье жексенбі күні күтпеген жерден Отанына қайтып барды. Ол 25 жыл бұрын шетелге қашып кеткен еді.

Адам құқығын қорғаушылар Гаити билігін Дювальені тұтқындап, ол билік құрған 1971-1986 жылдар аралығында Гаитиде азапталып, өлтірілген мыңдаған адамның қайғы-қасіреті үшін жауапқа тартуға шақырды.
XS
SM
MD
LG